Мамин әкімдерге 1 қыркүйекке дейін уақыт берді

13 Тамыз 2019, 12:22
2448
Бөлісу:
Мамин әкімдерге 1 қыркүйекке дейін уақыт берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Үкімет отырысында премьер-министр Асқар Мамин 1 қыркүйекке дейін  білім беру ұйымдары жұмысты бастауға 100% дайын болуы керек деп тапсырма жүктеді.

«1 қыркүйекке дейін аз уақыт қалды. Өздеріңіз көріп отырғандай, шешілуі тиіс шұғыл шаруалар бар. Барлық білім беру ұйымдарының күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары әлі аяқталмаған. Барлық мектептердің 85% ғана жаңа оқу жылын бастауға дайын. Әкімдерге қойылатын міндет – барлық білім беру ұйымдары жұмысты бастауға 100% дайын болуы керек», - деді Асқар Мамин.

Оның айтуынша, кей облыста балаларды мектепке тасымалдау мен ыстық тамақ беру мәселесі толық шешілмеген.

«Қаржы уақытында бөлінбегендіктен Қостанай, Павлодар, Ақмола, Қызылорда облыстарында оқулықтар қажетті дәрежеде қамтамасыз етілмеуі мүмкін. Осы мәселені бақылауға алу керек. Балаларды мектепке тасымалдау мен ыстық тамақ беру мәселесі толық шешілмеген. Басты мәселе – көліктің жетіспеуі. Әсіресе, Түркістан мен СҚО-да. Шамамен 360 мектепте тиісті санаттағы отбасылардың оқушыларын тамақтандыру ұйымдастырылмаған. Өңір әкімдері осы мәселені шешуі керек. Гүлшара Наушақызы бұл мәселені назарға алыңыз», - деді премьер-министр.

Бұған дейін ҚР премьер-министрі Асқар Мамин Үкімет отырысында жеті айдың қорытындысы бойынша бюджет қаржысын уақытында игермеген министрліктер мен өңірлер туралы айтқан болатын.

Өзгелердің жаңалығы