Бас жаңалықтар
Әкім сайлауы: Бір орынға 3 адам бәсекелесті
26 Шілде 2021, 16:02 318

Әкім сайлауы: Бір орынға 3 адам бәсекелесті

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы облыстық сайлау комиссиясының мүшесі Жақсылық Қаһарман онлайн брифинг барысында Алматы облысының ауылдық округтері әкімдерін сайлау қорытындысы жайлы баяндады.

Оның айтуынша, 2021 жылғы 25 шілде күні Алматы облысында 16 аудан мен 71 ауылдық округте ауыл әкіміне дауыс беру шарасы өткен. Сайлауда Еңбекшіқазақ ауданы бойынша – 10, Ақсу ауданы – 9, Алакөл – 8, Балқаш – 6, Кеген – 5, Кербұлақ – 4, Талғар – 4, Сарқан ауданында – 3, Жамбыл – 2, Қаратал – 2, Ескелді – 1, Қарасай ауданында 1 әкім сайланған. 

235 үміткердің 82-сі саяси партия өкілдері, 153-і өзін-өзі ұсынғандар екен. Бір орынға орташа бәсекелестік 3 адамнан келген.

Округ әкімдерін сайлауға үміткерлердің 856 сенім білдірген адамы, 596 түрлі деңгейдегі байқаушы, сондай-ақ 50-ден астам БАҚ өкілі қатысты. Алматы облысының барлық 71 сайлау округінде сайлауды жарамсыз деп тану туралы немесе қайта сайлау өткізу жөнінде дерек тіркелген жоқ, - деді Жақсылық Қаһарман.

Сондай-ақ ол сайланған әкімдердің орташа жасы 46,2 екенін айтты.

Ең жас әкім 25 жаста, Мақат Қыдыржан Қарасай ауданының Елтай ауылы округінде сайланды. Ең үлкен әкім – 62 жастағы Жұман Балтабаев. Ол Еңбекшіқазақ ауданының Балтабай ауылына әкім болып сайланды. Сайланған әкімдердің 59-ы саяси партия өкілдері, - деді ол.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...