Бас жаңалықтар
Әкім болуға ниетті кандидаттарға қандай талап қойылады?
24 Маусым 2021, 11:47 5485

Әкім болуға ниетті кандидаттарға қандай талап қойылады?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ОСК мүшесі Ерлан Дауылбаев Орталық сайлау комиссиясының ауылдық деңгейдегі әкімдерді тікелей сайлауды ұйымдастыру және өткізу мәселелері бойынша өткен отырысында айтты.

Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент әкімі болып сайлануы үшін ҚР азаматы, Сайлау туралы конституциялық заң мен Мемлекеттік қызмет туралы заңдардың нормаларына сәйкес талап қойылады. Алдымен үміткердің жасы 25-ке толуы тиіс. Заңда белгіленген тәртіп бойынша соттылығы мен сыбайлас жемқорлыққа қатысы болмауы керек. Мемлекеттік қызмет туралы заңнамаға сәйкестігін құжаттар негізінде Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган анықтайды, - деді Ерлан Дауылбаев.

Оның айтуынша, кандидат ұсынылғаннан кейін оның сәйкестігін анықтауды сайлау комиссиясы кіріседі.

Азаматтығын ішкі істер органдары, соттылығы мен заңда берілген тәртіппен таңылған сыбайлас жемқорлық деректері болмауын прокуратура органдары, лауазымға қойлатын біліктілік бойынша мемлекеттік қызмет істері жөніндегі аумақтық департаменттерге сұраулар жіберіледі. Осы органдар деректерді тексеріп, аумақтық сайлау комиссияларына жіберуі керек, - деді Дауылбаев.

Оның айтуынша, кандидаттар өзін-өзі ұсынған жағдайда сайлаушылардың жалпы санының 1 пайыз дауысының қолдауына ие болуы тиіс.

Кандидаттарды қолдап, қол жинауды сенім білдірген адамдар ұйымдастырады. Ол аудандық сайлау комиссиясы берген қол қою парақшасымен бекітіледі. Одан кейін хаттама рәсімделеді, - деді ол.



Фото: дереккөз
Загрузка...