Ахуал өте күрделі – Тоқаев

1 Сәуір 2021, 16:01
1946
Бөлісу:
Ахуал өте күрделі  – Тоқаев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мемлекет басшысының төрағалығымен еліміздегі коронавирус індетіне байланысты эпидемиологиялық ахуал жөніндегі кеңес өтіп жатыр. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі Twitter-дегі парақшада жазды.

Жалпы алғанда, қазіргі жағдайымыз жақсы емес. Тіпті, ахуал өте күрделі деп айтуға болады. Коронавирус індеті қайта өршіп келеді. Мұны Қазақстан ғана емес, көптеген ел бастан өткеруде. Оның негізгі себебі вирустың мутацияланған жаңа штаммдары болып отыр, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Сонымен қатар ел Президенті халық пен бизнес өкілдері індеттен әбден қажып, соның салдарынан сақтық шараларына салғырт қарай бастағанын айтты. 
Бұл әрине жағдайды одан бетер ушықтыруда. Дегенмен көптеген сарапшының айтуынша, 2021 жылы жалпы ахуал жақсарып, қайта өсім болып, пандемиядан кейін азаматтардың тұрмыс сапасының артуына мүмкіндіктер бар, - деп айтты Мемлекет басшысы.
Еске сала кетейік, Ақорданың баспасөз хатшысы Берік Уәли Мемлекет басшысы коронавирус індетіне қарсы қабылданып жатқан шаралар жөнінде жиын өткізетінін хабарлаған болатын.
Өзгелердің жаңалығы