Бас жаңалықтар
Адвокат сапасыз қызмет көрсеткен жағдайда азаматтар өтемақы ала алады
14 Маусым 2019, 10:55 470

Адвокат сапасыз қызмет көрсеткен жағдайда азаматтар өтемақы ала алады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін ҚР әділет министрі Марат Бекетаев xалық алдында есеп беру кездесуінде айтты.

"Алдағы 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап, адвокат пен заң консультантының кәсіби жауаптылығын міндетті сақтандыру институты енгізіледі. Бұдан былай сапасыз көмек көрсетілген жағдайда азаматтар сақтандыру өтемақысын ала алады", - дейді Марат Бекетаев. 

Оның айтуынша, жыл басынан бері әлеуметтік және қаржылық жағдайы қиын азаматтарға адвокат немесе заң консультантынан тегін кешенді әлеуметтік заң көмегі көрсетіледі екен. 

"Бұл көмек өтініш жасаған уақыттан бастап іс бойынша шешім қабылданғанға дейін көрсетіледі. Азаматтардың мемлекет кепілдік берген көмегін алу мүмкіндігі сақталған. Ол алимент өндіру, зейнетақы мен жәрдемақы тағайындау, босқын немесе оралман мәртебесін алу мәселесі бойынша заңда көзделген азаматтарға көрсетіледі", - дейді ведомство басшысы.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, ҚР әділет министрі Марат Бекетаев енді борышкерлердің банк шотынан ақшасын алып қоюға шектеу қойылатынын айтты.


Фото: ашық дереккөз

Сізден жаңалық