Әділет министрлігі қандай заңдарды әзірледі?

22 Қаңтар 2021, 10:09
3481
Бөлісу:
Әділет министрлігі қандай заңдарды әзірледі?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Әділет вице-министрі Наталья Пан ҚР Әділет министрлігінің 2020 жылдың қорытындысы бойынша кеңейтілген алқа отырысында айтты. 

Заң жобалау қызметін үйлестіру шеңберінде Әділет министрлігі Үкіметтің заң жобалау жұмысының 2020 жылға арналған жоспарын уақтылы орындау жөнінде шараларды қабылдады. Бастапқыда жоспар 17 заң жобасын әзірлеуді және Парламентке енгізуді көздеді, - деді Наталья Пан. 

Оның айтуынша, жыл ішінде енгізілген түзетулерді ескере отырып, жоспар 22 заң жобасын әзірлеуді және Парламентке енгізуді қамтыды. Олардың 8-іне Мемлекет басшысы қол қойды және 14-і Парламенттің қарауында жатыр.

Үкіметтің заң жобалау жұмыстарының 2020 жылға арналған Жоспары толық көлемде орындалды. Мемлекет басшысы алға қойған міндеттерді, сондай-ақ стратегиялық құжаттарды ескере отырып, Әділет министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп әзірлеген Заң жобалау жұмыстарының 2021 жылға арналған жоспары 2020 жылдың желтоқсанында бекітілді, - деді ол. 

Пан атағандай, онда 25 заң жобасын әзірлеу көзделген, оның ішінде 1-жартыжылдықта Парламентке 13 заң жобасын, ал 2-жартыжылдықта 12 заң жобасын енгізу жоспарланған.

Өзгелердің жаңалығы