Адамзат климаттың өзгеруіне толық тосқауыл қоя алмайды – ректор

27 Қазан 2021, 17:02
19562
Бөлісу:
Адамзат климаттың өзгеруіне толық тосқауыл қоя алмайды – ректор

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Нобель фестивалінің екінші күні университет ректорлары Орталық Азия мен Кавказ елдерінің университеттері бәсекеге қабілетті ме және олар әлемге әйгілі университеттер арасындағы рейтингте өзінің лайықты орнын қалай ала алатынын талқылады.

Шетелдік зерттеушілердің пікірінше, Қазақстан 2050 жылға қарай судың апатты күйзелісі бар елдердің тізіміне енуі мүмкін, өйткені мұздықтар ауданы орташа жыл сайын 0,8%-ға қысқарады, трансшекаралық ағындар жылына 44-тен 18,5 текше шақырымға дейін төмендейді деп болжанып отыр. Ғалымдардың пікірінше, адамзат климаттың өзгеруіне толық тосқауыл қоя алмайды. Дегенмен халықаралық қауымдастық қайтымсыз экологиялық зардаптарды болдырмау үшін температураның көтерілуін тежей алады. Ол үшін парниктік газдар шығарындыларын шектеп, баламалы энергетиканы дамытып, жылудың салдарынан болатын тәуекелдерді азайту стратегиясын әзірлеу қажет. Осы мақсатта 1997 жылы Киото хаттамасы әзірленді, - деді Сейфулин атындағы университет ректоры Қайрат Айтуғанов.

«Мұнайдан кейінгі өмір» алаңында сарапшылар «жасыл» энергетикаға көшу мәселелерін айтып, өңірлердің энергетикалық қажеттіліктерін және Орталық Азия елдеріндегі жел мен күн мәселелерін дамытуда туындайтын техникалық мәселелерді талқылады.

Нобель фестиваліне қатысушылар тағамның адам өмірін қалай өзгерте алатынын, дұрыс және дұрыс емес тамақтану нені білдіретінін және азық-түлік теңсіздігінің не екенін біледі.

Фестивальге Лондон экономика мектебі, MIT, Калифорния университеті, Лондон Империал колледжі, Вашингтон университеті сынды әлемнің ең беделді университеттерінің профессорлары мен Microsoft, Google, SAP ірі халықаралық корпорациялардың жетекшілері мен жетекші сарапшылары қатысып жатыр.

Өзгелердің жаңалығы