Бас жаңалықтар
Адам саудасының құрбаны болған барлық азаматқа АӘК көрсетілуі керек – Әбішев
22 Ақпан 2021, 15:18 181

Адам саудасының құрбаны болған барлық азаматқа АӘК көрсетілуі керек – Әбішев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Президент жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның хатшысы Тастемір Әбішев ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның отырысында айтты.

Мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйек пен 22 қазандағы Ұлттық сенім кеңесінің отырысында берген тапсырмаларын жүзеге асыру үшін адам саудасымен күрес жолдарын жетілдіру, адам саудасына қатысты қылмыстарды жақсартудың алдын алу, адам саудасының құрбандарына әлеуметтік көмекті жақсартуға бағытталған баяндаманы талқылаймыз,-деді Әбішев.

Ол атағандай, елімізде 2016 жылдан бастап адам саудасының құрбандарына атаулы әлеуметтік көмек көрсетіледі. 

Бірақ ол көмек тек Қазақстан азаматтарына, елімізде тұрғылықты тұрып жатқан шетелдік азаматтар мен қандастарға беріледі. Елімізге уақытша келген еңбекші мигранттар адам саудасының құрбаны болғанда атаулы әлеуметтік көмек ала алмайды,- деді ол.

Әбішев атағандай, бұл халықаралық стандарттарға сай емес.

Қазақстан 2008 жылы Палермо хаттамасын ратификациялаған. Ол бойынша өз азаматтары және өзге азаматтарға АӘК көрсетуі қажет. Статистика бойынша 3 жылда 1100 қылмыс тіркелген. Жыл санап бұл қылмыс саны азайып отыр,-деді Әбішев.

Хатшы атағандай, 242 адам сотталған. 

Ол да азайып бара жатыр. Оны байқаған АҚШ 2019 жылы адам саудасына қатысты арнайы баяндама әзірлеп, екінші бақылаушы етті. Ең жақсы көрсеткіш Норвегия, Щвейцария мен Голландияда бар.  ТМД елдерін алсақ, Грузия, Литва мен Эстония бірінші деңгейде тұр. Олар адам саудасына қатысты заң қабылдаған. Ал Қазақстанда мұндай заң жоқ,-деді ол.

Әбішев атағандай, баяндама талқыланғаннан кейін Мемлекет басшысына жіберіледі.

Кейін ол уәкілетті органдарға түседі. Егер баяндама ұсынымдары іске асса, еліміз АҚШ-тың мемлекеттік департаментінің баяндамасына кірмейді деген үсіттеміз. Әрі қарай жағдай жақсаруы керек,- деді Әбішев. 

Айта кетейік, сарапшылар Мемлекет басшысының қарауына ұсынылатын комиссияның "Азаматтардың және өзге де адамдардың Қазақстандағы адам саудасыеа қарсы іс-қимыл саласындағы әлеуметтік-экономикалық,еңбек,азаматтық және мәдени құқықтарын қорғаудың өзекті мәселелері" арнайы баяндамасының жобасын талқылады.




Фото: ашық дереккөз
Загрузка...