Елімізде адам ағзасын трансплантациялаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

21 Қыркүйек 2020, 18:05
5648
Бөлісу:
Елімізде адам ағзасын трансплантациялаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

Алматы, BAQ.KZ. Қазақстанда 1200 адам із-түзсіз жоғалғандар санатында тұр. Бұл туралы Almaty.tv хабарлады.

Бұл Ішкі істер министрлігі таратқан ресми ақпарат. Әсіресе, тұрмысы қолайсыз отбасылардан шыққан жасөспірімдер жиі жоғалатын көрінеді. Ал ірі қалаларда жас қыздарды жезөкшелікпен айналысуға үгіттеп, сексуалдық қызмет көрсетуге мәжбүрлейтіндер бар. Одан бөлек, жұмыс іздеп жүрген азаматтарды малай етіп, ауылдық жерлерде тегін жұмыс күші ретінде пайдалану деректері анықталған.

Қазіргі уақытта 1200 адам із-түзсіз жоғалғандар санатында тұр. Оның ішінде 22 бала бар. Әсіресе, ер адамдар көбірек жоғалады. Бұл олардың өзге өңірлерге қызметтік іссапарларына, маусымдық жұмыстарына және көлік тасу, жүк тасу сынды түрлі рейстеріне байланысты. Ал әйелдер арасында көп жағдайда спирттік ішімдікке салынғандар жоғалады, - деді ҚР ІІМ Криминалдық полиция департаментінің басшысы Думан Таев.

Осы орайда министрлік өкілі екі бірдей ұйымдасқан қылмыстық топтың құрықталғанын жеткізді. Олардың бірі адам ағзаларын трансплантациялаумен айналысқан. Ал екіншісі қыздарды сексуалдық мақсатта пайданалу үшін Бахрейн, Түркия мен Оңтүстік Кореяға шығарып отырған.

Өзгелердің жаңалығы