Абзал Әжғалиев әлем кубогінің қола жүлдегері атанды

4 Қараша 2019, 10:01
2497
Бөлісу:
Абзал Әжғалиев әлем кубогінің қола жүлдегері атанды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. АҚШ-тың Солт-Лейк-Сити қаласында шорт тректен әлем кубогінің бірінші кезеңі аяқталды. Қазақстандық спортшы Абзал Әжғалиев жарыстың қола жүлдегері атанды, деп хабарлады Olympic.kz.

Абзал Әжғалиев 500 м қашықтықты 39.881 уақытта жүріп өтіп, қоржынға қола жүлдені салды.  Айта кетерлігі, ол мұндай нәтижемен жарыстың қола жүлдегері атанып қана қоймай, ел рекордын да жаңартытты. Жарыс қорытындысы бойынша бірінші орынды У Дацзин (Қытай) алды. Екінші орынға Венгрия спортшысы Шандору Шаолиню Лю ие болды. 1000 м қашықтық бойынша Қазақстан сапынан Еркебұлан Шамұханов сынға түсіп, ол жарысты 10-шы орында аяқтады. Финалда ол пенальти алды.

Қазақстан құрамасынан тағы бір спортшы Мерсаид Жақсыбеков мұзға шығып, ол да пенальти алды.

Өзгелердің жаңалығы