Әбдіқалықова: Өз өнімімізді қолдайық!

12 Қараша 2020, 21:13
1623
Бөлісу:
Әбдіқалықова: Өз өнімімізді қолдайық!

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова халықты отандық өнімді тұтынуға шақырды. Бұл туралы өңір басшысы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Биылғы сынаққа айналған пандемия кезеңі бізден жұмысымыздың бағытын өзгертуді, дұрыс үйлестіруді талап етуде. Бұл туралы осыған дейін де жазған болатынмын. Міне, енді, Қызылорда қаласындағы «Жеткер» ЖК өз қаражаты есебінен жалпы құны 15 млн теңгені құрайтын антисептик, сұйық сабын түрлерін шығаратын желісін іске қосты. Қазіргі уақытта 1 және 5 литрлік құтыдағы сұйық сабынның 3 түрі (алма, лимон, алоэ иісті) және тұрмыстық сабын өндіруде. 1 литрдің бағасы 300-360 теңге шамасында. Баға негізінен құтының қалпақшасына (дозатор) байланысты - деді әкім.

Әбдіқалықова: Өз өнімімізді қолдайық!
Сондай-ақ, бұл кәсіпорын Ресей компаниясының франшизасы бойынша антисептик те шығаруда.
Кәсіпорында 2 адам жұмыспен қамтылған. Бір ауысымда 1 000 литрге дейін (айына 30 тонна) сұйық сабын және дәл сондай көлемде антисептик шығаруға мүмкіндігі бар. Бұл облыс қажеттілігін өтей алады деп отырмыз. Алдағы уақытта 0,33 – 2 литрге дейінгі құтыны шығаратын желіні іске қосу жоспарлануда. Өз өнімімізді қолдайық! - деді Гүлшара Әбдіқалықова.

Өзгелердің жаңалығы