Бас жаңалықтар
Ақтаулықтар тазалық акциясын ұйымдастырды
22 Қыркүйек 2020, 01:38 140

Ақтаулықтар тазалық акциясын ұйымдастырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтауда «Дүниежүзілік тазалық күні» шарасы қорытындыланды. Соның нәтижесінде 115 мың тонна қоқыс жиналған. Бұл туралы inbusiness.kz хабарлады.

Ақтауда «World cleanup Day» – «Дүниежүзілік тазалық күні» шарасы қорытындыланды. Алғаш рет Эстонияда пайда болып, кең өріс алған акция 19 ақпан күні жүзеге асқан болатын. Оған Маңғыстау облысы бойынша бір жарым мыңға жуық ерікті қатысып, 115 мың тонна қоқыс жинаған. Оның ішінде 15 шыны, 42 пластик, 24 резеңке, 27 қағаз, сонымен қатар, 7 тонна металл өңдеуге берілген.

Биыл тазалық акциясына өңірдегі «Эко Маңғыстау», «Маңғыстау табиғаты», «Еcojer қауымдастығы, «Невада-Семей» қозғалысы, «Табиғи орта», «ECO Safari Aktau» үкіметтік емес ұйымдарымен, еріктілермен қатар, мемлекеттік қызметшілер де белсене қатысқан. Қоршаған ортаны жинастыруға алты жүздей шенеунік қатысыпты.

Маңғыстау облысының экология департаменті мен облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы Кіші оймашы аумағын тазалауға шыққан адамдарды жеке қорғаныс құралдарымен, соның ішінде, антисептиктермен, қолғаптармен, бетперделермен, қоқысқа арналған арнайы пакеттермен және басқа да керек-жарақтармен қамтамасыз етті, - деп мәлімдейді облыстық экология департаментінің басшысы Руслан Төкенов.




Фото: ашық дереккөз
Загрузка...