Ақтаулық ұстаз оқушылары үшін Англиядағы грантынан бас тартты

16 Қаңтар 2020, 06:25
2078
Бөлісу:
Ақтаулық ұстаз оқушылары үшін Англиядағы грантынан бас тартты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтау қаласындағы Білім инновация лицейінің химия пәнінің мұғалімі Жігер Телеуханов Англия өткен байқауда жеңіске жетті. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігінен хабарлады. 

Ақтау қаласындағы Білім инновация лицейінің химия пәнінің мұғалімі Жігер Телеуханов Оксфорд қаласында өткен байқауда 100-ден аса мемлекеттен келген мұғалімдер арасынан үздік шығып, Англияға магистратураға грант ұтып алды. Алайда жас маман елде балаларды оқытқанды жөн санады.
Менің өз міндеттерім бар. Мен үшін Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынов, Абай Құнанбаев сынды ұлы тұлғаларымыз еліміздің нағыз патриоты болған. Олар әрқашан жас ұрпақтың сауатты болуы үшін еңбек еткен. Біздің олардан қай жеріміз кем? Біз ата-бабаларымыздың жолын жалғастыруымыз керек, - деді жас ұстаз. 
Айта кетейік, химия пәні бойынша әлемде үздік атанған 25 жастағы педагог 7 тілде еркін сөйлейді және Англия, Франция секілді елдерде білім алған. 

Өзгелердің жаңалығы