Бас жаңалықтар
Ақтауда сарбаздың басына оқ тиді
26 Қыркүйек 2020, 19:38 304

Ақтауда сарбаздың басына оқ тиді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтаудың әскери бөлімінде сарбаздың басына оқ тиген. Бұл туралы Қазақстан Ұлттық ұланының баспасөз қызметі өкілдері хабарлады.

Олардың мәліметіне қарағанда, оқиға 3502 әскери бөлімінде болған.

Қатардағы жауынгер А.Кәрімовтың басына оқ тиді. Қазіргі уақытта сарбаз ауруханада жатыр. Жағдайы тұрақты, денсаулығына қауіп жоқ. Оқиға себебі мен мән-жайы анықталады. Қылмыстық қудалау органдары соталды тергеу жүргізіп жатыр - деді Ұлттық ұлан өкілдері.

Фото: inform.kz
Загрузка...