Бас жаңалықтар
АҚШ Ауғанстандағы соғысты тоқтатпақ
07 Наурыз 2019, 13:26 308

АҚШ Ауғанстандағы соғысты тоқтатпақ

Алматы, BAQ.KZ. Америкалық сенатор Рэнд Пол және Том Юдолл Конгреске Ауғанстандағы АҚШ-тың әскери әрекетін тоқтатуға бағытталған заңды ұсынды. Егер заң қабылданса, Вашингтон жеңіске жеткенін жариялап, әскерін Ауған территориясынан 45 күн ішінде шығару туралы жоспарын жасауы қажет болады.

Қазір Ауғанстанда АҚШ пен «Талибан» қозғалысы өкілдері арасында келісім жүруде. Вашингтон әскерін шығарғаны үшін талибтерден лаңкестік әрекеттерді бүркелемеу жөнінде кепілдік алғысы келеді. Келісім жасаушы тараптар сақтықпен, абайлап сөйлеуде, өйткені ешқандай шешімге келе қоймаған.

Дегенмен, елде лаңкестік әрекеттер әлі де тоқтамаған, салдарынан ауғандық әскерилер мен бейбіт тұрғындар зардап шегуде. Сондай-ақ, Вашингтон қолдау көрсеткен ресми билік пен талибандар арасындағы текетірес те жалғасуда.

Загрузка...