Бас жаңалықтар
Ақмола облысында 4 мыңға жуық өртке қарсы талапты бұзушылық анықталды
18 Қыркүйек 2019, 23:35 295

Ақмола облысында 4 мыңға жуық өртке қарсы талапты бұзушылық анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері облыс аумағында тұрғын үй секторында өрт қауіпсіздігі айлығын өткізуде.

Ведомствоның мәліметінше, оның барысында тұрғын үй секторындағы өрттің алдын алу бойынша профилактикалық шаралар жүргізіледі. Халықтың әлеуметтік қорғалмаған топтарына, тұрмысы төмен отбасыларға, жалғыз басты зейнеткерлерге, мүгедектерге, спирттік ішімдіктерді пайдаланатын адамдарға көңіл бөлінеді.

Тұрғын үй секторындағы өрттің басым бөлігі мен қаза болғандар кедейшілік шегінен тыс өмір сүретін және қабылданған моральдық ұстанымдарды елемейтін, ішімдікті пайдаланатын қолайсыз отбасыларға тиесілі.

Өрттің негізгі себептері электр жабдықтарын орнату кезінде және пайдалану ережелерін бұзу, жылыту пештері мен түтін мұржаларының дұрыс орнатылмауы, отты абайсыз пайдалану болып табылады. Әр тұрғынмен тұрғын үйдегі өрт қауіпсіздігі шаралары туралы жадынамалар мен нұсқаулықтар, сондай-ақ көлікте өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау бойынша жадынамалар таратылып, жеке тасымал автокөліктері иелерімен әңгімелесу жүргізіледі.

«Айлық аясында 9968 аула аралау жүргізілді, оның ішінде 22216 адам қамтылды, жылыту жүйесі мен электр техникалық желілер мен жабдықтарды дұрыс пайдаланбауға байланысты өртке қарсы талаптардың 3915 бұзушылығы анықталды. 2750 адамды қамти отырып, 112 жиналыс пен жиын өткізілді, 19477 үгіт-насихат материалы таратылды», - делінген таратылған ақпаратта.

Аудан және қала әкімдіктері, әлеуметтік сала қызметкерлері халықтың әлеуметтік осал топтары тұратын 2897 үйді есепке алды, оның ішінде профилактикалық жұмыспен 1684 үй қамтылды.

Осындай өрттердің қауіпті факторларының пайда болуының алдын алудың тиімді тәсілдерінің бірі түтін мен улы газды ерте анықтаудың автономды құралдарын орнату болып табылады.

Облыста Департаменттің бастамасы бойынша 489 улы газ датчигі және 10 түтін датчигі орнатылды, биыл жылыту кезеңінде тағы 303 улы газ датчигін орнату жоспарлануда.


Фото: дереккөз
Загрузка...

Сізден жаңалық