АӘК тағы да автоматты түрде тағайындалады

3 Шілде 2020, 12:16
10344
Бөлісу:
АӘК  тағы да автоматты түрде тағайындалады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Президенті жанындағы өңірлік коммуникациялық қызметінде өткен онлайн брифингте атаулы әлеуметтік көмек көрсету мәселелері туралы Алматы қаласы әлеуметтік әл-ауқат басқармасы басшысының орынбасары Данияр Әлкебайұлы айтып берді.

2020 жылдың басынан бастап атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа техникасы енгізілді. Жалпы, АӘК көмек көрсетудің жаңа тетігіне сәйкес, тоқсан сайын құжаттарды тапсыру қажет. Биылғы жылдың екінші тоқсанында Қазақстанда енгізілген төтенше жағдайға байланысты министрліктің бұйрығымен 4222 отбасына АӘК тағайындау автоматты түрде ұзартылды. Қазір коронавирус індеті жағдайын ескере отырып, министрлік АӘК алушылардың қызметін автоматты түрде қарастыратын бұйрық жобасын әзірлеп жатыр. Азаматтардың қауіпсіздігі үшін біздің өтінім бойынша бұйрық дайындалып жатыр, - деді ол. 
Ол атағандай, бұйрық шығысымен АӘК автоматты түрде тағы да тағайындалады. 
Атаулы әлеуметтік көмекке бірінші жартыжылдықта тапсырмаған азаматтар egov.kz арқылы өтінім беруге құқылы. Жеке басты куәландыратын құжатты өткізсеңіз болады. Басқа мемлекеттік органдардан қажетті құжаттарды біз өзіміз өтінім беріп, алатын боламыз, - деді Данияр Әлкебайұлы.



Өзгелердің жаңалығы