Жылдамдықты бақылаудың жаңа әдісі іске қосылды

14 Мамыр 2020, 21:13
3172
Бөлісу:
Жылдамдықты бақылаудың жаңа әдісі іске қосылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысы аумағында патрульдік автокөліктердің үстінде орналасқан сигналдық дыбыс шығаратын құрылғының (СГУ) ішінде орнатылған бес “Ekin PATROL” мобильдік кешен қызмет етеді.

Аталған жүйе патрульдік автокөлік жүріп бара жатқанда және тоқтап тұрғанда, жылдамдық режимін бұзған көліктерді, полиция қызметкерлерінің қатысуынсыз автоматты түрде анықтайды.

Анықталған құқық бұзушылық, автоматты режимде “Қазпочтаға” жолданады, ол жерден ұйғарым пошта қызметкерлерімен мекен жайға жеткізіледі. Бүгінгі таңда аталған автопатруль Қарағанды, Жезқазған, Балқаш қалаларында және республикалық маңызы бар автожолдарда жұмыс істейді.

Қазіргі уақытта “Ekin PATROL” кешенімен 44 млн теңгеден астам сомаға 4969 айыппұл салынған, оның ішінде 24 млн сомаға 2797 айыппұл өндірілген. Бұл кешенді енгізу, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету процесін автоматтандыру деңгейін жоғарылату аясында, жол-көлік оқиғаларын азайтуға және жолдағы қозғалыс қатысушыларының жүру мәдениетін жоғарылатуға бағытталған.

Өзгелердің жаңалығы