Бас жаңалықтар
9 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
09 Желтоқсан 2019, 08:02 913

9 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Дүйсенбіде Қазақстанның оңтүстік-батысында, шығысыңда  және орталығында атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады, жауын-шашын көбінесе қар түрінде жауады, деп хабарлады "Қазгидромет" РМК.

Қазақстанның калған аумағы антициклон жотасының ықпалында болғандықтан, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республиканың кей жерінде – тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын, желдің күшеюі сақталады.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.

Жамбыл облысының кей жерінде тұман күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.

Түркістан облысының кей жерінде тұман күтіледі, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді. Қызылорда облысының кей жерінде тұман күтіледі, түнде және таңертең жел 15-20 м/с күшейеді.

Ақмола облысының кей жерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі.

Атырау, Ақтөбе, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерінде тұман, көктайғақ күтіледі.

Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында, түнде және таңертең Алматы облысының кей жерінде тұман күтіледі.

Маңғыстау облысының кей жерінде көктайғақ күтіледі.         

 


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...