9 шілдеге арналған ауа райы болжамы

9 Шілде 2019, 08:10
1916
Бөлісу:
9 шілдеге арналған ауа райы болжамы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде кей жерде найзағаймен бірге, жаңбыр жауады, жел күшейеді, бұршақ, дауыл күтіледі. Тек республиканың батысы мен оңтүстігінде ауа – райы жауын-шашынсыз болады.

Қазгидромедтің болжамы бойынша, Солтүстік-Қазақстан облысының кей жерінде тұман, найзағай, күндіз – дауыл, бұршақ жаууы мүмкін, жел түнде кей жерде 15-20 м/с күшейеді, күндіз басым бөлігінде 15-20, кей жерде екпіні 23-28 м/с. 

Қарағанды облысында түнде және таңертең кей жерде тұман, күндіз-найзағай, жел 15-20 м/с күшейеді. 

Павлодар облысында кей жерде найзағай, жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін. 

Шығыс Қазақстан облысының кей жерінде тұман күтіліп, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін. 

Ақмола, Жамбыл, күндіз Алматы, Батыс Қазақстан облыстарында кей жерде найзағай күтіледі, жел  15-20 м/с күшейеді, Жамбыл облысында – дауыл, бұршақ жаууы мүмкін. 

Қостанай облысында кей жерде жел 18 м/с күшейеді, түнде және таңертең – тұман күтіледі. 

Қызылорда, күндіз Түркістан облыстарында кей жерде жел 15-20 м/с күшейеді. 

Маңғыстау облысында күндіз кей жерде найзағай күтіледі.

Қызылорда облысында, Ақтөбе, Қарағанды, Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстарында кей жерде жоғары өрт қаупі сақталады. 

Өзгелердің жаңалығы