9 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

9 Қаңтар 2019, 08:15
2095
Бөлісу:
9 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

Астана, baq.kz. "Қазгидромет" РМК синоптиктерінің хабарлауынша, бүгін еліміздің басым аумағында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты  тұрақсыз ауа райы сақталады, кей жерде жауын-шашын жауады, тек республиканың батысында ауа райы жауын-шашынсыз болады. 

Республика бойынша кей жерде көктайғақ, тұман, бұрқасын күтіледі, жел күшейеді. 

Алматы облысының кей жерінде тұман, көктайғақ болады, күндіз кей жерде жел 15-20 м/с, Жалаңашкөл ауданында 18-23 м/с күшейеді. 

Жамбыл облысының кей жерінде тұман, көктайғақ күтіледі, жел 15-20 м/с, түнде екпіні 23-28 м/с күшейеді. 

Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерінде тұман түсуі ықтимал. Маңғыстау, Қызылорда облыстарының кей жерінде көктайғақ болады. 

Ақмола, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерінде тұман, бұрқасын болып, Ақмола және Павлодар облыстарының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді. 

Түркістан облысының кей жерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, жел 15-20 м/с күшейеді. 

Шығыс Қазақстан облысының кей жерінде бұрқасын болуы мүмкін, жел 15-25 м/с күшейеді.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде тұман, бұрқасын болуы ықтимал, күндіз кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді. 

Өзгелердің жаңалығы