8 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

8 Қаңтар 2019, 08:15
2718
Бөлісу:
8 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

Астана, baq.kz. "Қазгидромет" РМК синоптиктерінің болжамына қарағанда,  ел аумағының басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады.

Сонымен бірге кей жерде жауын-шашын жауады, республиканың оңтүстігінде таулы аймақтарда қатты жауын-шашын болады, тек батыста жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республиканың кей жерлерінде тұман, көктайғақ болып, жел күшеюі мүмкін.

Ақмола, Қостанай,  Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерінде бұрқасын болуы ықтимал. Ақмола, Қостанай облыстарында тұман түседі. Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында жел 15-20 м/с күшейеді.

Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Түркістан облыстарында, түнде Алматы облысының кей жерінде тұман түсіп, Түркістан облысында жел 15-25 м/с дейін күшейеді.

Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел 20-25 м/с күшейеді, түнде желдің екпіні 30 м/с асады.

Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау облыстарының кей жерінде тұман, көктайғақ болады. Жамбыл облысында жел 15-20 м/с, күндіз желдің екпіні 23-28 м/с күшейеді.

Өзгелердің жаңалығы