Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Бекайдаров Агенттіктің жедел тергеу қызметінің нәтижелері туралы өткен брифингте айтты.
Бекайдаров атағандай, 23 сәуірден бастап бірқатар қылмыстық істер аяқталды.Жемқорлыққа қарсы қызмет 2021 жылдың өткен кезеңінде 639 сотқа дейінгі іс тіркеді. Оның 520-сы сотқа бағытталды. Аталған қылмыстық істер бойынша 74 лауазымды тұлға ұсталды. 69 адам қамаққа алынды. Үйқамаққа 16 адам қамалды. Мемлекеттік қызметкерлер мен азаматтар жемқорлық жасағаны үшін әлеуметтік және қылмыстық жауапкершілік бар екенін ұмытпауы керек, - деді ол.
Бекайдаров өткен кезеңдегі шешімдер туралы айтты.Қостанай облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі ауыл шаруашылығы ветеренария және бақылау комитетінің өңірлік инспециясының жетекшісіне қатысты тергеу аяқталды. Оған қызметін асыра пайдалану мен ірі көлемдегі пара алды деген айып тағылды. Сот шешімі әзірге шыққан жоқ, - деді ол.
Жемқорлыққа қатысты қылмыстық істер бойынша 312 адам сотталды. Оның ішінде 78 адам пара алғаны үшін, 147-сі пара бергені үшін сотталды, - деді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі.