«7-20-25» аясында 9 322 өтініш мақұлданды

22 Шілде 2019, 18:54
2133
Бөлісу:
«7-20-25» аясында 9 322 өтініш мақұлданды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Аталған бағдарламаға жалпы 15 764 өтініш қабылдан. Бұл туралы Қазақстан Ұлттық банкінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ұлттық банк таратқан мәліметке сәйкес, «7-20-25» бағдарламасын іске асыру аясында 2019 жылғы 22 шілдедегі жағдай бойынша қарыз алуға 177,8 млрд теңге сомасына 15 764 өтініш қабылданды. Оның ішінде 107,2 млрд теңге сомасына қарыз беруге 9 322 өтініш мақұлданды.

«7-20-25» бағдарламасына қатысты азаматтар өздерін қызықтырған сұрақтар бойынша «Баспана» ипотекалық ұйымына + 7 (727) 227-20-25 нөмірі бойынша тәулік бойы хабарласуласып, жауап ала алады. Сонымен қатар, ипотекалық ұйымның ресми интернет-ресурсында сілтемесі бойынша қосымша ақпаратпен танысуға болады», - делінген хабарламада.     

Өзгелердің жаңалығы