Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ІІМ Тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да жәбірленушілерге өтемақы қоры және адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы өткен брифингте айтты.
Соңғы үш жылда жыл сайын адам саудасының 90-ға дейін құрбаны анықталады, оның ішінде 20-ға дейін еңбекті қанаудың құрбандары. Бұл ретте Катар, Индонезия, Бахрейн, Әмірліктер, Түркия мен Оңтүстік Кореяға пайдалану мақсатында біздің азаматтардың экспортына арналған сегіз арна, сондай-ақ Өзбекстан мен Қырғызстаннан екі импорт жойылды, - деді Әділов.Санжар Әділов биыл ұсталған ұйымдасқан қылмыстық топ туралы айтты.
Мысалы, биыл біз Қазақстан Республикасының, Ресей Федерациясының және Бахрейн Корольдігінің азаматтары болып табылатын 19 адамнан тұратын трансұлттық ұйымдасқан топқа қатысты тергеуді аяқтадық. Олар соңғы бес жыл Бахрейндегі жыныстық қанау үшін, оның ішінде кәмелетке толмағандарға қатысты адам саудасымен айналысқан. Зардап шеккендердің жалпы саны 39 азаматты құрады. Қазіргі уақытта қылмыстық іс сотта қаралуда, - деді ол.Айта кетейік, елімізде адам саудасына қатысты 9 айда 200 қылмыстық іс тіркелген.