Бас жаңалықтар
42 500 теңге: 5 сұраққа 42 жауап
Президенттік қолдау
23 Сәуiр 2020, 11:34 4851

42 500 теңге: 5 сұраққа 42 жауап

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін, яғни 23 наурызда әлеуметтік төлем жүргізіліп жатқанына бір ай. Осы ретте Кім алады? Қалай алады? Шот ашамын ба? Қайтару керек пе? Қайтармағандар соттала ма? Осындай сұрақтарға бүгінгі әзірлеген материалымызда жауап беруге тырысып көрейік.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жаңа COVID-19 коронавирусын пандемия деп жариялауына байланысты азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында еліміздің барлық аумағында 16 наурыздан бастап төтенше жағдай енгізілді.

Ел билігі коронавирус індеті ел ішінде таралып кетпеуі үшін алдын алу шараларын ұйымдастырып, вирус жұқтырғандарды емдеп, сондай-ақ осынау қиын-қыстау кезеңде табысынан айырылған ел азаматтарына тиісті әлеуметтік төлем тағайындады. Осы әлеуметтік төлем бойынша күні бүгінге дейін халық арасында түрлі сұрақтар да, төлемді алу бойынша қиындықтар да туындап келді. Оған ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов онлайн брифингтерде, өзінің әлеуметтік парақшаларында және министрлік жанындағы Call-орталықтардағы қызметкерлер барынша жауап беруге тырысты. 

42 500 теңге. Президент тапсырмасы

23 наурызда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссиясының отырысында тиісті органдарға 42 мың теңгеден төлеуді тапсырды. Төтенше жағдай салдарынан кірісін жоғалтқан адамдарға ең төменгі бір айлық жалақы, яғни 42 500 теңге көлемінде ай сайынғы төлемдерді төлеуді тапсырды. Алғашында бұл көмек кемінде 1,5 миллион отандасымызға тағайындалды. Алайда президент қажет болса, бұл мөлшерді ұлғайтуға, кеңейтуге резервтер жеткілікті екенін айтқан болатын. 

Сондай-ақ, Тоқаев 26 наурызда өз твиттерінде тұрғындарды қолдауды тездетуді тапсырды:

Атқарушы билік өкілдері азаматтар мен бизнеске қаржылай қолдау шараларын аз қамтылған отбасыларға ай сайын берілетін бір айлық көлемдегі көмекті және қиын жағдайға душар болған тұрғындарды қолдауды шұғыл іске асыру керек. Халықтың сұрақтарына тез әрі түсінікті жауап берілуі қажет, - деп жазды мемлекет басшысы.

Бастапқыда 42 500 теңгені алушылар санатына кімдер кірді?

МӘСҚ-тан жаңа төлем Қазақстан аумағында еңбек қызметін жүзеге асыратын ҚР азаматтарына келесі шарттарға сәйкес берілетін болды:

- әлеуметтік төлем төтенше жағдай жариялануына байланысты жалақысы сақталмайтын демалысқа жіберілген (жұмыстан босатылмаған) қызметкерлерге жүзеге асырылады;

- төлем алу үшін қызметкерлерге (жеке кәсіпкерлер және жеке практикамен айналысатын адамдар өзі үшін) төтенше жағдай енгізілгенге дейін соңғы 12 айда МӘСҚ-қа кем дегенде 3 ай бойы жарна аударуы қажет;

- әлеуметтік төлем шағын, орта және микробизнес қызметкерлеріне; жеке кәсіпкерлерге; жеке практикамен айналысатын адамдарға (нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор); БЖТ төлеушілеріне қолданылады.

 Өтініштер тек eGov.kz арқылы қабылданды

42 500 теңге көлеміндегі әлеуметтік төлемді алу үшін жұмыс беруші жалақы сақталмайтын еңбек демалысына кеткен жұмысшылардың тізімін жасайды және оны электронды үкімет порталы арқылы жұмыспен қамту сұрағы бойынша жергілікті органдарға өтініш беруі қажет.

Олар eGov-та өтініш береді, оған қосымша төтенше жағдайға байланысты кәсіпкерлікті шектеу туралы арызы, жұмыстан босатылған адамдардың тізімі және жалақысы сақталмайтын еңбек демалысына кету туралы бұйрығының көшірмесін жолдау қажет. Бұл өтінішті жұмыспен қамту бойынша жергілікті органдар мен аудандық штабпен қарастырылады. Жергілікті орган тиісті шешімін шығарып, мемлекеттік корпорацияға жолдайды.

Жолданған өтініштер корпорацияға жеткен соң төрт күнде шешім шығарылып, аталған жұмысшылардың шотына төлемдер жүргізіле бастайды

29 наурыз. 42 500 теңге алушылар қатары көбейіп, тағайындау жолы жеңілдетілді

ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев онлайн өткен брифингте төлем алушылардың аясы кеңейгенін айтты:

- орта, шағын және микробизнес субъектілерінің қызметкерлері;

- жеке кәсіпкерлер;

- жеке практикамен айналысатын адамдар (нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор)

- бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер.

- азаматтық-құқықтық келісімшарттар бойынша кіріс алатын адамдар, қызметтер көрсету, салық агенттеріне міндетті зейнетақы жарналары төленген азаматтар кіреді.

 Әлеуметтік төлемдерді тағайындау үшін:

- жұмыс берушілер өтінішті тек қызметкерлердің тізімін қоса бере алады;

- ЖК, ЖП, АҚК және БЖТ төлеушілер жеке деректерді көрсете отырып, тек өтініш береді.

Өтініш "Электрондық үкімет" веб-порталында "Электрондық өтініш" сервисі арқылы электрондық форматта жүзеге асырылды.

Тоқаев Үндеуі. 42 500 теңге алатындар қатарын кеңейтуді тапсырды

Табысынан айырылған азаматтарға ең төменгі жалақы мөлшерінде қолдау көрсеттік. Енді 42500 теңге көлеміндегі осы көмекті алатын азаматтардың санатын кеңейтуді тапсырамын. Соған орай бұл қолдауға өзін-өзі жұмыспен қамтығандар мен ресми тіркелмей жұмыс істейтіндер де ие болады. Бұл көмек белгіленген тәртіп бойынша шын мәнінде мұқтаж адамдарға ғана беріледі.

Үкімет отырысында ҚР премьер-министр Асқар Мамин президент тапсырмасы бойынша 42 500 теңге көлемінде әлеуметтік төлемді шамамен 3 млн қазақстандық алатынын айтты.

42 500 vs eGov.kz. ӘТ үшін жаңа сайт, Telegram-боттар ашылды

eGov электронды үкімет порталына салмақ түсіп, бүгінде халық сайтқа кіре алмай жүр. Сондықтан, ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі "БТС" компаниясымен бірлесе отырып, осы 42 500 теңге төлеміне қатысты арнайы сайт ашамыз. Ол сайтта халық өтініш жасап, мәліметтерін енгізіп, ЭЦП арқылы емес, SMS арқылы кілтсөз алып, қолын қоятын болады. Сайтқа кіру үшін компьютері жоқ азаматтарға арнайы Telegram-бот іске қосылады, - деді ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов. 

-        42 500.enbek.kz сайты;
-        EgovKzBot2.0 - https://t.me/Kenes1414Bot. Сондай-ақ, әр өңірге арналған телеграм-бот ашылды. 

ХҚКО-лар жабылғаннан кейін портал штаттық режимде жұмыс істеді. Төтенше жағдайға байланысты порталды пайдаланушылар саны бірден көбейді. Осыған қарамастан портал штаттық режимде жұмысын жалғастырды. Миллионнан астам электрондық қызмет көрсетілді. Жаңа қызметті іске қосып жатырмыз. Әдетте порталға бір сағатта 600 мыңдай адам кіріп жүрсе, қазір бір мезетте 15 миллиондай адам кіріп жүр. Бұның бәрі үлкен жүктеме. Алайда бұл мемлекет басшысының аталған жәрдемақыны жылдам беру тапсырмасын орындауға жеткіліксіз болып отырған көрінеді. Осыған байланысты біздің министрлік Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігіне бұл регламентті өзгерту бойынша өтінішпен шықты. Яғни бұл регламент тізімінен электронды қолтаңбаны қолдануды алып тастау және Еңбек және әлеуметтік министрлігінде бар мәлімет бойынша тағайындауды ұсынып отырмыз, - деді ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев. 

42 500 теңгені нақты кім ала алады?

– шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің жалақысы сақталмайтын демалыстағы қызметкерлеріне;

– карантин енгізілген елдімекендерде қызметін жүзеге асыратын ірі кәсіпкерлік субъектілерінің жалақысы сақталмайтын демалыстағы қызметкерлеріне;

– мемлекеттік мекемелерді қоспағанда, коммерциялық емес заңды тұлғалардың жалақысы сақталмайтын демалыстағы қызметкерлеріне;

– жеке кәсіпкерлерге;

– дара тәжірибемен айналысатын адамдарға (нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор);

– бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер болып табылатын жеке тұлғаларға;

– бұрын БЖТ төлемеген және төтенше жағдай салдарынан кірісін жолғалтқан өзін-өзі жұмыспен қамтығандар (мемлекеттік ағымдағы әлеуметтік төлемдер болмаған кезде);

- азаматтық-құқықтық сипаттағы келісімшарттар бойынша жұмыс істейтіндер;

- коммерциялық емес ұйымдардың қызметкерлері (мемлекеттік мекемелерден басқа);

- мемлекеттік қызметкерлерді қоспағанда бала күтімі бойынша демалыстағы аналар (егер бала бір жастан асқан болса);

- ТЖ-ға дейін қосымша табыс тапқан және БЖТ төлеген зейнеткерлер мен мүгедектер;

- ТЖ-ға дейін бос уақытында жұмыс істеген студенттер.

42 500 теңге. Жиі қойылатын сұрақтар

1. Мен ЖСН енгіземін, бірақ жеке куәліктің нөміріне неге сәйкес келмейді деп шығады?

Жауап: Мұның екі себебі болуы мүмкін: ЖСН немесе жеке куәлік нөмірін енгізу кезінде қателесуіңіз мүмкін немесе құжат жоғалған.

2. "Сіздің өтінішіңіз жұмыспен қамту жөніндегі орталықта қаралудақадамның 1-қадамындасыз деген нені білдіреді? Бұл қадам тағы бір күнге созыла ма?

Жауап: Бұл сіздің жұмыс берушіңізге жолданған  және бір жұмыс күні ішінде автоматты талдауға жіберілетінін білдіреді. Бұл табыссыз демалыста  жүрген қызметкерлерге арналған.

3. "Сіздің өтініміңіз төлемді тағайындау ережесіне сәйкес автоматты талдауда" деген сөз нені білдіреді? (аударым, БЖТ) (4 қадамның 2-ші қадамы). Келесі қадамға 12 сағаттан кейін өтесіз деген нені білдіреді?

Жауап: Өтінімнің төлемдерді тағайындау ережелеріне сәйкестігі туралы автоматты талдау жүргізіледі.  12 сағат ішінде сіздің өтінішіңіз келесі кезеңге өтеді.

4. "Шешім қабылдау үшін өтінімді қарастыру (4-қадамның 3-қадамы) дегеніміз не? Бұл қадам 1 жұмыс күнінен аспайды" деген не?

Жауап: Бұл кезеңде жүйе құрған электрондық құжаттардың толықтығы мен дұрыстығы қарастырылады. Бұл процесс 1 жұмыс күнінен аспайды.

5. "Сіздің өтініміңіз 42 500 теңгені тағайындау бойынша шешімді қабылдау кезеңінде?" деген нені білдіреді(4-қадамның 4-сі). Бұл қадамды қарау уақыты 1 жұмыс күніне созылады деуінің себебі неде?

Жауап: Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне өтініш берушінің қатысуы тексеріледі (жеке кәсіпкерлер / қызметкерлердің зейнетақы / әлеуметтік аударымдары, өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдарға төлемдер), сондай-ақ ережелерге сәйкес басқа жағдайлар.

6. Егер 42 500 теңге төлем тағайындалды! Егер сіз IBAN деп көрсеткен болсаңыз, ақша келесі жұмыс күні алынады. Егер IBAN дұрыс көрсетілмесе немесе дұрыс болмаса онда сізге СМС келеді. Бұл дегеніңіз ақшаның түскенін білдіре ме?

Жауап: Иә, бұл дұрыс IBAN көрсетілген жағдайда, ақша келесі жұмыс күні жіберілетінін білдіреді.

Банкке бармай-ақ үйде отырып есепшот ашуға болады

Бірде-бір рет банктен шот ашпағандар үшін де жеңілдіктер қарастырылды. 42 500 теңгеге өтінім бергенде IBAN нөмірін көрсетпей, кейінге қалдыратын функция қосылды.

Ал қазақстандық банктер халықтың банк алдында жаппай жиналуын қысқарту үшін карта ашамын дегендердің тапсырысты онлайн қабылдап, 1-2 күнде жеткізу қызметтерін ұсынды. Сондай-ақ шотты банктің мобильді қосымшасы арқылы ашатын функция қосты. Енді әр азамат шотты банкке бармай, өз бетімен үйде отырып-ақ аша алады.

42 500 теңгені қандай сервис арқылы алуға болады?

Егер сіз жеке кәсіпкер болсаңыз:

1-әдіс. Бір реттік парольмен eGov.kz сайтында

Негізгі беттен "Төтенше жағдай кезінде 42 500 теңге төлеу" тармағын таңдау – Бір реттік парольмен тіркелу – Форманы толтыру – Жеке деректерді жинауға және өңдеуге келісіміңізді растау – "Жұмыс берушінің БСН-і" бағанына жеке кәсіпкердің ЖСН-ін енгізу – Егер IBAN болмаса, бұл бөлікті қалдырып кетіп, оны кейін хабарлауға болады – "Ары қарай" батырмасын басу – Өтінім берілді.

2-әдіс. 42500.ENBEK.KZ сайтында

Телефон нөмірі арқылы кіру – Қызметкер рөлін таңдау – Өзіңіздің ЖСН, жұмыс берушінің БСН-ін, аты-жөніңіз, IBAN, электрондық поштаңызды көрсету – Егер IBAN болмаса, бұл бөлікті қалдырып, оны кейін хабарлауға болады – Жеке деректерді жинауға және өңдеуге, төтенше жағдайға байланысты кірісті жоғалтуға, жалған ақпарат бергені үшін жауапкершілікті білетініңізге келісіміңізді растау – "Ары қарай" түймесін басу – Өтінім берілді.

3-әдіс. @HELP42500BOT телеграмның ботында

@help42500bot телеграм-ботты ашу – Қызметкер рөлін таңдау – Электрондық поштаны, телефон нөмір, IBAN енгізіңіз – Өтінімді растау – Өтінім берілді.

Жалдамалы қызметкер болсаңыз:

1-әдіс. Бір реттік парольмен eGov.kz сайтында

Негізгі беттен "Төтенше жағдай кезінде 42 500 теңге төлеу" тармағын таңдау – Бір реттік парольмен тіркелу – Форманы толтыру – Жеке деректерді жинауға және өңдеуге келісіміңізді растау –Егер IBAN болмаса, бұл бөлікті қалдырып кетіп, оны кейін хабарлауға болады – "Ары қарай" батырмасын басу – Өтінім берілді.

2-әдіс. 42500.ENBEK.KZ сайтында

Телефон нөмірі арқылы кіру – Қызметкер рөлін таңдау – Өзіңіздің ЖСН, жұмыс берушінің БСН-ін, аты-жөніңіз, IBAN, электрондық поштаңызды көрсету – Егер IBAN болмаса, бұл бөлікті қалдырып, оны кейін хабарлауға болады – Жеке деректерді жинауға және өңдеуге, төтенше жағдайға байланысты кірісті жоғалтуға, жалған ақпарат бергені үшін жауапкершілікті білетініңізге келісіміңізді растау – "Ары қарай" түймесін басу – Өтінім берілді.

3-әдіс. @HELP42500BOT телеграмның ботында

@help42500bot телеграм-ботты ашу – Қызметкер рөлін таңдау – Электрондық поштаны, телефон нөмір, IBAN енгізіңіз – Өтінімді растау – Өтінім берілді.

Егер сіз өзіңізге жұмыс істейтін болсаңыз:

1-әдіс. Бір реттік парольмен eGov.kz сайтында

Негізгі беттен "Төтенше жағдай кезінде 42 500 теңге төлеу" тармағын таңдау – Бір реттік парольмен тіркелу – Форманы толтыру – Жеке деректерді жинауға және өңдеуге келісіміңізді растау – "Өзін-өзі жұмыспен қамтушы" дегенге белгі қою - Егер IBAN болмаса, бұл бөлікті қалдырып кетіп, оны кейін хабарлауға болады – "Ары қарай" батырмасын басу – Өтінім берілді.

2-әдіс. 42500.ENBEK.KZ сайтында

Телефон нөмірі арқылы кіру – Қызметкер рөлін таңдау – Өзіңіздің ЖСН, жұмыс берушінің БСН-ін, аты-жөніңіз, IBAN, электрондық поштаңызды көрсету – Егер IBAN болмаса, бұл бөлікті қалдырып, оны кейін хабарлауға болады – Жеке деректерді жинауға және өңдеуге, төтенше жағдайға байланысты кірісті жоғалтуға, жалған ақпарат бергені үшін жауапкершілікті білетініңізге келісіміңізді растау – "Ары қарай" түймесін басу – Өтінім берілді.

3-әдіс. @HELP42500BOT телеграмның ботында

@help42500bot телеграм-ботты ашу – Қызметкер рөлін таңдау – Электрондық поштаны, телефон нөмір, IBAN енгізіңіз – Өтінімді растау – Өтінім берілді.

42 500 теңге алғаны үшін ешкім жазаға тартылмайды. Нұрымбетов нүктесін қойды

Соңғы уақыттарда әлеуметтік желілерде, халық арасында 42 500 теңге төңірегінде түрлі талқылаулар, әңгімелер айтылды. Кейбір заңгерлердің негізгіз төлемді алғандар қылмыстық жауапқа тартылады деген сұхбаттары шықты. Осындай әңгімелерге министр ОКҚ-де өткен брифингте жауап беріп, әлеуметтік төлем бойынша туындап жатқан сұрақтардың нүктесін қойды.

Соңғы 4-5 күнде әлеуметтік желілерде 42 500 теңгені алғаны үшін қылмыстық тұрғыдан жазалайды екен, деген әңгіме таралуда. Мұның себебі, 5 сәуірден бастап біздің бірқатар заңгерлеріміз осы мәселеге қатысты пікір айта бастаған. "zakon.kz" порталында орыс тілінде жарық көрген Данияр Нұрланұлы және Руслан Қожахмет есімді заңгерлердің осы Қылмыстық кодекстің алаяқтыққа қатысты баптарын талқылап, соның 42 500-ге қатыстырып жазған мақаласы болған. Осыған байланысты айтарым – бірде-бір адам 42 500 теңге алғаны үшін, тіпті жіберген қатесі үшін қылмыстық жазаға тартылмайды. Оған негіз жоқ. Осыған нүкте қояйық. Бұл төлем – әлеуметтік төлем. Елімізде төтенше жағдай орын алмағанның өзінде, бізде халықтың басым бөлігінің табысы аз, жалақы мөлшері төмен, зейнетақы, жәрдемақылар көп емес. Сондықтан, көпшілік осы төлемді алсам деген ниет білдірген. Біз ешкімді жаппай тексеріп жатпаймыз. Ешкімді үйлеріне барып тексеріп жатпаймыз. Ештеңеге уайымдамаңыздар. Сізге төленді ме, алыңыз, жаратыңыз. Тексеру болса да, бізді тексереді, - деді министр.

42 500 теңгені кім қайда қайтара алады?

Ереже бойынша жалдамалы жұмыс істеп жүрген қызметкерлер 42 500 теңгені ала алады. Егер жұмыс беруші мәжбүрлі түрде ақысыз еңбек демалысына жіберген жағдайда. Ал басқа жағдайда 42 500 теңгені ала алмайды. Егер жұмысынан шығып қалған болса, оған 6 айға дейінгі төлем төленеді. Ол үшін азамат ресми жұмыссыз ретінде тіркелуі жеткілікті.

Ал жұмыс берушілер мен ақысыз демалысқа шықпай, тұрақты жұмысы жүріп тұрып, жалақы алып жүргендердікі заңбұзушылыққа алып келеді. Ол дұрыс емес. Мемлекеттік сақтандыру қоры қордан мүмкіндігі шектеулі жандарға, баланы бірмжылға дейінгі күтіміне байланысты төлем, "декретный", асыраушысынан айырылған жанұяларға, жұмыссыз қалғандарға да 42 500 теңгеден басқа төлем жасайды. Сондықтан олар бұйрығы жоқ, ақысыз демалысқа жіберілмегендерден сұрау жасап, кейін оларды қайтаруды талап етеді. Сондықтан тағы да қайталап айтамын - тек қана жалдамалы қызметкерлер ақысыз демалысқа шықпағандарға сұрақ бар. Олар заңсыз алған, - деп түсіндірді Біржан Нұрымбетов.

Осы ретте вице-министр Нариман Мұқышев қаражатты қайтарғысы келетін азаматтар хабарласқанын өз әлжелісінде жазды.

Қайтару үшін деректемелерді көрсетті:

Бенефициар: "Азаматтарға арналған үкімет "мемлекеттік корпорациясы "КЕАҚ"

"Азаматтарға арналған үкімет "мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ"

Бенефициардың БСК: GCVPKZ2A

Бенефециардың ЖСК: KZ67009SS00368609110

Бенефициардың БСН: 160440007161

Бенефициардың КБЕ: 11

СТК: 049

ТЖ жағдайында бұл банктердің мобильдік қосымшалары арқылы жасауға болады.

Қанша қазақстандық әлеуметтік төлемді алды?

Соңғы мәлімет бойынша 3 млн 692 мың адамға ТЖ кезеңінде табысынан айырылуына байланысты Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан әлеуметтік төлем тағайындалды.

42 500 теңге сұрақтары бойынша call-орталықтар:

-        1411 нөмірі – 42 500 теңге бойынша барлық сұраққа операторлар жауап береді;

-        1414 нөмірі – жалпы сұрақтар бойынша;

-        42500@enbek.kz электронды поштасына да жазуға болады.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...