Көкшетаулық 40 отбасы баспаналы болды

9 Маусым 2019, 12:16
2245
Бөлісу:
Көкшетаулық 40 отбасы баспаналы болды
PHOTO
Фото: автордан

Көкшетау, BAQ.KZ тілшісі. Көкшетау қаласының 195 жылдығы қарсаңында «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 40 отбасы жаңа пәтерлердің кілттеріне ие болды.

Ауа-райының қолайсыздығы баспаналы болып, зор қуанышқа кенелген тұрғындардың көңіліне еш кірбің түсірген жоқ. Шаһар басшысы Амангелді Смайылов шаттыққа бөленген үй иелерін көптен күткен қоныс тойларымен құттықтап, пәтер кілттерін салтанатты түрде табыс етті.

Көкшетаулық 40 отбасы баспаналы болды

«Бұл күн ерекше есте қаларлық қуанышты күн. Жақында ғана облыс орталығында осы ауданда 11 үй пайдалануға берілді. Бұл – 480 пәтер. Пәтр кезегін күткен жандардың мәселелері кезең-кезеңімен шешімін тауып келеді. Алдағы айшықты мереке - қала күні қарсаңында «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 40 отбасы жаңа пәтерлерге қол жеткізіп отыр. Сарыарқа шағын ауданы күннен-күнге көркейіп, зәулім үйлер көбейіп келетінін қуантады. Алдағы күндері «Жас отбасы» бағдарламасы шеңберінде үш тұрғын үй құрылысы басталады. Бүгін тапсырылып отырған бес қабатты тұрғын үй тұрғындар үшін жайлы, сапалы екеніне көз жеткізіп отырмыз. Сіздердің шаңырақтарыңыздағы қуаныш – біздің де қуанышымыз!» - деді қала әкімі Амангелді Смайылов.

Жаңа пәтерге қол жеткізгендердің арасында Ақмола облысы бойынша Ауған соғысы ардагерлері мен мүгедектері ұйымының төрағасы Дуанбай Ыбырай да бар. Отбасымен көптен қуаныштары екенін ерекше тебіреніспен жеткізген ол мемлекет қолдауына өте риза екенін алға тартты.

Көкшетаулық 40 отбасы баспаналы болды

«1995 жылдан бері жауынгер-интернационалист ретінде пәтер кезегінде тұрдым. Бүгін екі бөлмелі пәтердің кілтіне ие болып отырмын. Биыл қалада көптеген жаңа тұрғын үйлердің тапсырылатынын естіп қуанып отырмыз. Бұл Президент сайлауы, Көкшетау қаласының 195 жылдығы қарсаңында ерекше есте қалар елеулі оқиға дер едім. Ең алдымен Ұлт Көшбасшысының қолдауымен жүзеге асырылған бағдарламалар арқасында тұрғын үйлер құрылысы көптеп бой көтергеніне куә болып отырмыз. Балаларым мен немерелерім жаңа пәтердің ішін аралап көріп, сапасына көңілдері толды. Жарық та кең бөлмелер көңілге қонады. Осыдан бірнеше жыл бұрын алғаш рет Васильков шағын ауданында жатақханадан бөлме алғаным есімде. Бірақ ол кезең мен қазіргі уақытты салыстыруға келмейді, бүгінгідей заманауи үйлер бұрын болған жоқ. Жаңа үйіміздің ауласы да кең, жол асфальтталып, бедертас төселді, әткеншегі, орындықтары және басқа жабдықтары бар балалар ойын алаңы орнатылды. Қала басшылығы осы бағыттағы жұмыстарды әрі қарай да жалғастырса, табыс биігінен көрінеріміз анық. Облыс, қала басшылары көрікті қала - Көкшетаудың одан әрі гүлденіп, дамуына күш-жігерлерін аямайтынына сенімдіміз. Барша пәтер иелерін қуаныштарымен құттықтап, шаңырақ шаттығын тілеймін!», - дейді Дуанбай Ыбырай.

Өзгелердің жаңалығы