400-ге жуық оқу орнына мамандандырылған күзет қойылады – Қасымбек

26 Мамыр 2021, 16:10
17035
Бөлісу:
400-ге жуық оқу орнына мамандандырылған күзет қойылады – Қасымбек

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сондай-ақ 500-ден астам оқушысы бар 249 ұйымда дабыл түймесі бар турникеттерді орнату жоспарланған. Бұл туралы облыс басшысы Жеңіс Қасымбек әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.

Бүгін әріптестерімізбен балаларға қарсы қылмыстарды алдын алу және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін талқыладық. Облыстың 390 оқу орнында мамандандырылған күзетті құру туралы шешім қабылдадық. Сондай-ақ 500-ден астам оқушысы бар 249 ұйымда дабыл түймесі бар турникеттерді орнату жоспарланған. Бұған қоса 617 оқу орнында дауыстық хабарлау жүйесі орнатылады. Кезең-кезеңмен 471 ұйымда Басқару орталығына қосылған бейнебақылау жүйелері орнатылады, - деп жазды ол.

Осы жоспарларды орындау үшін әзірленген Жол картасында психологиялық қызметке де көп көңіл бөлінеді.

Қазірдің өзінде «Балалар қауіпсіздігі бойынша мектеп тренері» авторлық бағдарламасы бойынша облыстың 70 педагогы оқытылды. Психологиялық қызметтерге көмек ретінде 200 мектепте психологиялық-педагогикалық мониторингтің автоматтандырылған жүйесі орнатылды. Әзірге бұл жүйе Қарағанды, Теміртау және Саранды қамтиды, - деп жазды өңір басшысы.


Консультативтік көмекті көрсету үшін тұрақты негізде 25-25-02 номері бойынша Білім басқармасының жедел желісі жұмыс жасайды. Мәселелерді қарастыру бір сағат ішінде жүзеге асырылады.

Қауіпсіздік мәселесінде полиция, білім беру, денсаулық сақтау, қамқоршылық және қорғаншылық, әлеуметтік қорғау, мәдениет және спорт салаларының бірлесіп жұмыс істеулері қажет. Біздің басты мақсатымыз балалардың өмірі мен денсаулығын қорғау, - деді Жеңіс Қасымбек.

Өзгелердің жаңалығы