36 күн тыныштықтан кейін: Уханьда COVID-19 жұқтырудың жаңа оқиғасы тіркелді

10 Мамыр 2020, 11:47
2026
Бөлісу:
36 күн тыныштықтан кейін: Уханьда COVID-19 жұқтырудың жаңа оқиғасы тіркелді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Уханьда бір айдан кейін тағы да жаңа COVID-19 оқиғасы анықталды.

Өткен тәулікте Қытайда коронавирус жұқтырудың 14 жаңа жағдайы  мен 20 індет белгісінсіз тасымалдаушы анықталды, деп хабарлайы Хубэй провинциясының Денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі комитеті.

Ухань қаласында өткен сенбіде коронавирус жұқтырған бір оқиға тіркелді. COVID-19 пандемиясының таралу эпицентріне айналған қалада 36 тәулік бойы адамдарда індет анықталмаған еді. Қазіргі таңда науқастың жағдайы ауыр. 

Өткен тәулікте Хубэйде 17 симптомсыз тасымалдаушы анықталған. Қазіргі уақытта барлық провинция бойынша 616 симптомсыз тасымалдаушы дәрігерлердің қатаң бақылауында.

Хубэйде індет кезінде 68 129 жұқтыру оқиғасы (50 334 – Уханьда) тіркелген. 63 616 адам сауыққан (46 464 – Уханьда), 4 512 адам қайтыс болған (3 869 – Уханьда).

Сондай-ақ, ҚХР Денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі мемлекеттік комитеті Қытайда өткен тәулікте коронавирусты жұқтырудың 14 жаңа оқиғасы және 20 симптомсыз жағдай анықталды, 74 науқас сауығып кеткен.

Қытай билігі нуклеин вирусты қышқылына тестілер оң нәтиже көрсеткен індет белгілері жоқ науқастарды жалпы статистикаға тіркемейді, тек белгілер анықталған жағдайда ғана тіркеліп, расталады.  Уханьда жаңа індет белгілері бар жағдайлар нақтыланбайды, алайда, қазіргі уақытта барлық провинцияда бір ғана расталған оқиға бар, ол науқас Уханьда тұрады.

Естеріңізге сала кетейік, 24 сәуір күні Уханьда соңғы ауыр науқас COVID-19 індетінен емделген болатын.
Сондай-ақ, осы аптада Хубэй провинциясында мектептерде оқу процесін қайта жандандыратыны белгілі болды.

Өзгелердің жаңалығы