30 жыл бойы жастардың жарқын болашағы үшін қызмет еттік – Елбасы

21 Маусым 2019, 11:38
3726
Бөлісу:
30 жыл бойы жастардың жарқын болашағы үшін қызмет еттік – Елбасы

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Алматыда өтіп жатқан «Кемеңгерліктің 30 жылы» атты конференцияға қатысуда.

Жиын барысында Елбасы бүгінгі басқосуға қатысып отырған бұрынғы әріптестерін, әсіресе ескі таныс құрдастарын, достарын көріп отырғанына қуанышты екенін білдірдіріп, алғаш билікке келген сәтін еске алды.

30 жыл бойы жастардың жарқын болашағы үшін қызмет еттік – Елбасы

«Естен кетпес 1989 жыл уақыт өткен сайын алыстап барады. Заман сондай. Сол кездесуде мен Қазақстан Коммунистік партиясының Орталық комиссиясының бірінші хатшысы лауазымына осы залда сайланып едім. Өздеріңіз көп жылдар бойы куә болған ел мүддесі жолындағы қызметімнің бәрі сол күннен басталған болатын. Біз Тәуелсіз Қазақстанның іргесін бірге қаладық, еліміздің жаңа тарихын жазуға бірге кірістік. Биыл осы жиыннан жастарды да көріп отырмын, оның бәріне қуаныштымын», - деді Елбасы.

Сондай-ақ, ол осы 30 жыл бойы жастардың жарқын болашағы үшін қызмет істеп, халқымызға қызмет еткендерін айтты.

«Бүгін мен үш мәселеге тоқталайын деп отырмын. Оның біріншісі сол 30 жыл бұрын алдымызда қандай қиыншылықтар болды? Екінші, Сол қиыншылықтарды қалай шештік. Үшінші – болашақта бізді не күтіп тұр деген мәселе», - деді Н. Назарбаев.

Өзгелердің жаңалығы