30 наурызға арналған ауа райы болжамы

30 Наурыз 2020, 08:20
1180
Бөлісу:
30 наурызға арналған ауа райы болжамы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 30 наурыз күні республиканың басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты тек оңтүстік-батыста күндіз жаңбыр жаууы мүмкін. Өңірлерде тұман, екпінді жел сақталады, оңтүстікте сондай-ақ шаңды дауыл болады.


"Қазгидромет" РМК мәліметінше, Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл күтіледі, 15-20 м/с желдің екпіні 23 м/с күшейеді.

Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман болжанады.

Қарағанды облысының күндіз кей жерлерінде жел 18 м/с артады.

Жамбыл, Түркістан, Маңғыстау, Атырау облыстарының кей жерлерінде желдің күші 15-20 м/с жетеді.

Күндіз Ақтөбе облысының кей жерлерінде 16 м/с екпінде жел тұрады.
Өзгелердің жаңалығы