30 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

30 Қаңтар 2020, 08:18
1860
Бөлісу:
30 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 30 қаңтар күні Қазақстанның барлық дерлік аумағы солтүстік-батыс антициклонының ықпалында болады. Соған байланысты республиканың басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. 

Тек солтүстік-батыста атмосфералық фронттардың өтуімен аздаған қар жауады. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, желдің күшеюі сақталады.

"Қазгидромет" РМК мәліметінше, Атырау облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болжанады, күндіз желдің екпіні 15-20 м/с күшейеді. 

Ақмола, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, түнде және таңертең Алматы облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі. 

Маңғыстау, күндіз Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с артады.


Өзгелердің жаңалығы