29 сәуірге арналған ауа райы болжамы

29 Сәуір 2019, 08:15
1853
Бөлісу:
29 сәуірге арналған ауа райы болжамы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктерінің болжамына қарағанда еліміздің басым аумағында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жауын-шашын жауады.


Кей жерінде тұман, жел күшеюі, найзағай сақталады, бұршақ жаууы мүмкін, күндіз оңтүстік-батыста шаңды дауыл болады.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында жел 15-20 м/с, кей жерінде екпіні 23-28 м/с күшеюі мүмкін, кей жерде найзағай болып, бұршақ жаууы мүмкін.

Павлодар облысында жел 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с күшейеді, кей жерінде тұман, күндіз кей жерінде найзағай болып, бұршақ жаууы мүмкін.

Күндіз Атырау облысының кей жерінде найзағай, дауыл болып, жел шанды дауылмен 15-20 м/с күшейеді.

Батыс Қазақстан облысының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз найзағай болып, бұршақ жаууы мүмкін.

Қостанай облысында жел 15-20 м/с, екпіні 25 м/с күшейеді, кей жерінде тұман, найзағай болады.

Ақтөбе, Қарағанды облыстарының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз кей жерінде найзағай болады.

Күндіз Алматы, Кызылорда облыстарының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Алматы облысының кей жерінде найзағай болады.

Түнде Шығыс Қазақстан облысының кей жерінде тұман, күндіз кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

 

Өзгелердің жаңалығы