Бас жаңалықтар
27 маусымға арналған ауа райы болжамы
27 Маусым 2019, 08:15 593

27 маусымға арналған ауа райы болжамы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктерінің болжамына қарағанда, бүгін атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты республиканың солтүстігінде, солтүстік-батысында және орталығында түрақсыз ауа райы сақталады. Найзағаймен бірге жаңбыр жауады, жел күшейіп, бұршақ жаууы ықтимал, дауыл болып, солтүстіктің кей жерінде тұман түседі, Қазақстан территориясының қалған  бөлігінде күн ашық болады.

Ақмола облысының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз дауыл болып, бұршақ жаууы ықтимал, түнде және таңертең тұман түседі.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде тұман, дауыл болыпі, жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ жаууы ықтимал.

Павлодар облысының кей жерінде күндіз жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін.

Қостанай облысының кей жерінде тұман түседі, жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз бұршақ жаууы ықтимал.

Қарағанды облысының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді, дауыл болады.

Қызылорда облысының таңертең және күндіз кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді, дауыл болады.

Жамбыл, Атырау облыстарының күндіз кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді.  

Күндіз Түркістан, Алматы, Маңғыстау, Қарағанда облыстарының кей жерінде өте қатты ыстық болады.

Қызылорда, Түркістан, Атырау облысының басым бөлігінде, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облысының кей жерінде, Қостанай, Алматы, Жамбыл облыстарында жоғары өрт қаупі сақталады.  


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...