Бас жаңалықтар
26 наурызға арналған ауа райы болжамы
26 Наурыз 2019, 08:15 619

26 наурызға арналған ауа райы болжамы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктерінің болжамына қарағанда, бүгін еліміздің басым аумағында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жауын-шашын жауады.

Оңтүстіктің кей жерінде қатты жауын-шашын жауып, тек республиканың батысында, оңтүстік-шығысында  ауа райы жауын-шашынсыз болады. Кей жерінде тұман, көктайғақ, найзағай, желдің күшеюі сақталады, оңтүстікте күндіз бұршақ болуы мүмкін.

Қостанай облысының кей жерінде тұман, көктайғақ күтіледі, басым бөлігінде екпіні 15-20 м/с, кей жерінде 23 м/с күшейеді. 

Қызылорда облысының кей жерінде найзағай болып, дауыл, желдің күшеюі 15-20 м/с, екпіні 25 м/с күшейеді, түнде және күндіз кей жерінде тұман күтіледі, күндіз бұршақ  болуы мүмкін.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде тұман, көктайғақ күтіледі, желдің күшеюі 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с болады. 

Түркістан облысында күндіз найзағай болады, желдің күшеюі 15-20 м/с, екпіні 23 м/с күтіледі. 

Ақмола облысының кей жерінде тұман, көктайғақ күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.

Павлодар, Шығыс Қазақстан, Жамбыл облыстарының кей жерінде тұман күтіледі, күндіз жел 15-20 м/с күшейіп, Шығыс Қазақстан облысының кей жерінде көктайғақ күтіледі.

Батыс Қазақстанда, түнде және таңертең Манғыстау, Атырау облыстарының кей жерінде тұман болады.

Загрузка...

Сізден жаңалық