Бас жаңалықтар
23 қарашаға арналған ауа райы
23 Қараша 2020, 08:12 545

23 қарашаға арналған ауа райы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қазгидромет» РМК қарашаның 23-і күнгі ауа райы болжамын жария етті.

Кәсіпорын таратқан мәліметтерге қарағанда, бүгін республиканың оңтүстігіне әдеттегісінше антициклон әсер етеді. Соның салдарынан республиканың басым бөлігінде жауын-шашын болмайды. Республиканың кейбір аймағында фронталды бөліктердің әсерінен кей жерде қар жауады. 

Батыста, оңтүстік-батыста жауын, қар жауады. Республиканың кей жерінде тұман түсіп, көктайғақ болып, жел күшейеді. Оңтүстікте жаяу бұрқасын соғуы ықтимал. 

Жамбыл облысының кей жерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, жаяу бұрқасын болуы да мүмкін. Желдің күші секундына секундына 15-20 метрге жетеді. 

Алматы облысында түнде кей жерде тұман түсіп, Жалаңашкөл ауданында жел 15-20 м/с жылдамдықпен ұйтқиды. 

Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау облыстарының кей жерінде көктайғақ болады. Батыс Қазақстан, Атырау облыстарының кей жерінде тұман түседі. 

Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қостанай, Түркістан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жеріне тұман түсуі ықтимал.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...