22 наруызға арналған ауа райы болжамы

22 Наурыз 2020, 10:43
2325
Бөлісу:
22 наруызға арналған ауа райы болжамы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазгидромет синоптиктері 22 наурызда ауа райы қандай болатынын айтты.

Республиканың басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынды, оңтүстік-шығыс пен шығыста таулы аудандарда қатты жаңбыр жауады.

Тек батыс пен оңтүстік-батыста күн ашық болады деп болжанып отыр. Кей жерлерде тұман түсіп, жел күшейеді, көктайғақ болады, солтүстікте бұрқасындатады.

22 наурыз күндіз Шығыс Қазақстан облысының солтүстігі мен солтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады. Түнде кей жерлерді тұман басып, көктайғақ болады. Желдің екпіні секундына 25 метрге дейін жетеді.

Қостанай облысында кей жерлерде –  тұман, көктайғақ. 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Солтүстік Қазақстан облысында да ауа райы нашарлайды. Жаңбыр, қар жауады, тұман түседі, көктайғақ болып, бұрқасындатады. Желдің күші 28 м/с дейін жетеді.

Маңғыстау мен Атырау облыстарын тұман басады деп болжануда.

Ақмола облысында кей жерлерде тұман түседі, көктағақ, жел күшейеді, екпіні секундына 25 метрге дейін барады.

22 мен 24 наурыз аралығында Алматы мен Шығыс Қазақстан облыстарының таулы өзендерінде мұз еріп, су деңгейі көтерілуі мүмкін.

Павлодар облысында – тұман, көктайғақ, желдің күші 28 м/с дейін барады.

Батыс Қазақстан, Жамбыл облыстарында кей жерлерде тұман түседі, Жамбыл өңірінде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Қарағанды облыстарында кей жерлерде тұман, көктайғақ, қатты жел күтілуде.

Алматы мен Түркістан облыстарында жел күшейеді.

Нұр-Сұлтанда дабылды ескерту жарияланды, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін барады. Түнде 0 – 2 градус суық, күндіз 0..+ 2 градус.

Алматыда түнде 5-7 градус, күндіз 15-17 градус жылы. Шымкентте түнде 5-7, ал күндіз 18-20 градус жылы.

Өзгелердің жаңалығы