2030 жылға қарай тұрмыстық қатты қалдықтарды қайта өңдеу үлесі 40%-ға жетеді - Құрманбаев

18 Тамыз 2021, 11:46
2542
Бөлісу:
2030 жылға қарай тұрмыстық қатты қалдықтарды қайта өңдеу үлесі 40%-ға жетеді - Құрманбаев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгінде Жамбыл облысы бойынша экология департаментіндегі мемлекеттік қызметтер 100 пайыз электронды түрде көрсетіледі. Бұл туралы экология департаментінің басшысы Марат Құрманбаев ӨКҚ-да өткен брифингте айтты.

Облыстың атмосфералық ауасының ластау көздерінің және негізгі көлемінің бірі - автокөлік құралдары. 2010 жылдары Жамбыл облысында тіркелген көлік саны 121 000 болса, одан шыққан ластағыш заттар көлемі 62 045 мың тонна болған. Ал 2020 жылы облыста тіркелген көлік саны 320 710 болып, 2010 жылға қарағанда 199 710 көбейіп, ластағыш заттар көлемі 398 925 мың тоннаға артқан, - деді Құрманбаев.

Оның айтуынша, елімізде жинақталған тұрмыстық қалдықтардың жалпы көлемі 3 млн 154,801 мың тоннаны құраса, өткен жылы 72,642 мың тоннаны құрады.

Осы жылғы жинақталған көлемінің 5,573 мың тоннасы кәдеге жаратуға сұрыпталған. Бұл тек қана 7,6 % құрап отыр. Жалпы индикатор бойынша 12%-ды құрауға тиісті. Осы бағытта 2030 жылға қарай тұрмыстық қатты қалдықтарды қайта өңдеу үлесін 40%-ға кезең-кезеңімен жеткізу орындалады. Қазақстанда қалдықтардың 60%-ы елді мекендер тұрғындарынан, 30% кәсіпкерлік субъектілерінен және 10 % мемлекеттік мекемелерден құралған, - деп атап өтті спикер.

Өзгелердің жаңалығы