2023 жылға қарай мұғалімдер жалақысы тағы 25%-ға өседі

12 Ақпан 2021, 11:14
5893
Бөлісу:
2023 жылға қарай мұғалімдер жалақысы тағы 25%-ға өседі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин Мәжілісте Nur Otan партиясы парламенттік фракциясының жетекшісі Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен онлайн форматта өтіп жатқан фракцияның кеңейтілген отырысында айтты.

Күн тәртібінде Nur Otan партиясының «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» сайлау бағдарламасын орындаудың жол картасы талқылануда.

Еліміздегі барлық балаға жақсы тәрбие мен сапалы білім алуға бірдей жағдай жасалады. Әр баланың құқығының қорғалуына кепілдік беріледі. 3-6 жас аралығындағы балалар мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен толық қамтылады, - деді Үкімет басшысы.

Мамин отырыста айтқандай, апатты және үш ауысымды мектептердің мәселесін толық шешу үшін 800 мектеп салынады. Биыл 200 жаңа мектеп пайдалануға беріледі.

2025 жылы ауыл мектептері интернетпен, компьютерлермен және оқу процесін ұйымдастыруға қажетті басқа да жабдықтармен қамтамасыз етіледі. Педагогтардың жалақысы 2023 жылға қарай екі есеге, яғни 330 мың теңгеден артады. Орташа жалақы жыл сайын кемінде 25 пайызға өседі, - деп атап өтті ол.

2023 жылға қарай білім беру жүйесі білікті мұғалімдермен 100% қамтылады.

Естеріңізге сала кетейік, Мамин саясаттағы әйелдердің санын арттыру үшін қандай іс-шаралар жүзеге асырылатынын айтқан болатын.

Өзгелердің жаңалығы