2020 жылы республика бойынша 14 мыңға жуық өрт тіркелді

2 Наурыз 2021, 12:38
1933
Бөлісу:
2020 жылы республика бойынша 14 мыңға жуық өрт тіркелді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты.

Министрліктің және жеке өз атымнан Түркістан облысында жақындары қайтыс болған отбасына көңіл айтамын. Жақында болған бұл жағдай біріншісі емес. Бір күн бұрын Маңғыстау облысында газ баллонды қолдану кезінде 2 адам газдан уланып және Түркістан облысында газ құрылғысын қолдану кезінде бір кісі қайтыс болды. Осыдан көңіл түсіретін статистиканы байқауға болады, - деді министр.

Юрий Ильин халықты мұқият болуға шақырды.

Жылыту маусымы елімізде жалғасып жатыр. Сондықтан барынша мұқият болып, балаларды үлкендердің қарауынсыз жалғыз қалдырмау керек. Сондай-ақ ТЖ байланысты дауылды ескертуге назар аудару қажет. ТЖМ жіберетін хабарламаларды елемеуге болмайды, - деді Юрий Ильин.

2019 жылдан бастап азаматтық қорғау органдарының бастамасы бойынша халықтың әлеуметтік осал топтарының, жетім балалардың, көпбалалы отбасылардан шыққан балалардың тұрғын үйлеріне рейдтер жүргізіп келеді.

Қазіргі уақытта әлеуметтік осал отбасылардың 118 мыңнан астам тұрғын үйі есепке алынды, олар жүз пайыз тексерілді, шамамен 400 мың адамға нұсқау берілді. Жалпы, Құрылыс және ТКШ істері комитетінің деректеріне сәйкес, елімізде 2,3 миллионнан астам тұрғын үй (2 363 618) тіркелген, оның ішінде қалаларда - 949 289 үй, ауылдық жерлерде - 1 414 329, - деп атап өтті ол брифингте.

Әкімдіктермен бірлесіп автономды жылыту жүйесі бар үйлерге датчиктер орнату жалғастырылды, 118 мыңнан астам үйге орнатылды.

Сонымен қатар 77,5 мың тұрғын үйдің иелері ТЖМ қызметкерлерін үйлеріне кіргізбеді, ал 63 мың үйде үй иелері болған жоқ. 2020 жылы республика бойынша 13 933 өрт тіркелді, бұл 2019 жылға қарағанда 4%-ға аз, өрттерде жарақат алғандар саны 7%-ға қысқарды, 8 419 адам құтқарылды, - дейді Ильин.

Өзгелердің жаңалығы