Бас жаңалықтар
2020 жылы мәдениет қызметкерлерінің жалақысы көбейеді
02 Қыркүйек 2019, 13:15 1940

2020 жылы мәдениет қызметкерлерінің жалақысы көбейеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Келесі жылдан бастап мәдениет қызметкерлерінің жалақысы көбейеді. Бұл туралы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев парламенттің бірлескен отырысындағы Қазақстан халқына арналған жолдауында мәлімдеді.

«Мәдениет қызметкерлерін қолдау. Біз мәдениет саласында жұмыс істейтін азаматтарға жеткілікті түрде көңіл бөлмей отырмыз. Бұл – ең алдымен, кітапхана, музей, театр қызметкерлеріне қатысты мәселе. Олардың еңбекақысы соңғы жылдары мүлде көбейген жоқ. Соның салдарынан мәдениет қызметкерлері, әсіресе жас мамандар жеңілдігі бар тұрғын үй бағдарламаларына қатыса алмайды. Мұндай ахуал осы кәсіптің беделін түсіріп, лайықты кадрлардың тапшылығы айқын сезілуде», - деді Тоқаев.

Ол келесі жылдан бастап Үкімет мәдениет қызметкерлерінің еңбекақысын көбейтуі тиіс екенін айтты.

«Сондай-ақ, білім беру және денсаулық сақтау салаларындағы міндетті әлеуметтік жеңілдіктер мәдениет саласының өкілдеріне де берілуі керек», - деді президент.

Загрузка...