2020 жылы Алматының Түрксіб ауданында 96 млрд теңге салық жиналған

22 Қаңтар 2021, 14:45
1268
Бөлісу:
2020 жылы Алматының Түрксіб ауданында 96 млрд теңге салық жиналған

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Өткен жылы ауданда 96 млрд теңге салық жиналды, өсім қарқыны 2019 жылмен салыстырғанда 101% құрады. Салық жинау бойынша жоспар 107% орындалды. Бұл туралы Алматы қаласы Түрксіб ауданының әкімі Бақытжан Ақжаров онлайн брифингте айтты.

Аудан әкімінің айтуынша, ауданды әлеуметтік-экономикалық дамытудың маңызды аспектісі өнеркәсіптік өндірістер көлемі және негізгі қорға инвестиция салу  болып табылады.  Пандемиялық күрделі жағдайға қарамастан аудан жақсы жетістікке қол жеткізген.

Өнеркәсіп өндірісінің 12 ай ішіндегі көлемі 215 млрд теңгені құрады.  2019 жылы бұл көрсеткіш 194,4 млрд теңге болған. Негізгі қорға құйылған инвестицияның көлемі 81,5 млрд теңге немесе 113,2% құрады. Сондай-ақ, 2020 жылы 104,1 мың шаршы метр тұрғын үй қолданылуға берілді. Құрылыс жұмыстарының көлемі – 26,5 млрд теңге немесе 138 % орындалды,-дейді Бақытжан Ақжаров.

Сонымен қатар, ол ауданда 96 млрд теңге салық жиналғанын және жоспар 107%-ға орындалғанын жеткізді. Түрксіб ауданы 1938 жылы құрылған қаладағы ең ескі аудандардың бірі. Ауданның жалпы алаңы 7 546,9 га, халқының саны  244 000-нан асады.     

Ауданда 24 678 жекеменшік және 27 692 пәтерден тұратын 1 185 көппәтерлі тұрғын үй, 7 887 заңды тұлғалар тіркелген, олардың ішінде 7351-і ШОБ өкілдері. Оған қоса 9-базар, 29 жалпы білім беретін мектеп, 2 жоғары оқу орыны, 6 колледж, 90 мектепке дейінгі блімі беретін мекеме, 7 емхана, 6 аурухана, 1 театр, 5 кітапхана, 9 спорттық нысан бар.


Өзгелердің жаңалығы