2020 жылғы Еуропа чемпионаты кейінге шегерілді

18 Наурыз 2020, 04:20
1687
Бөлісу:
2020 жылғы Еуропа чемпионаты кейінге шегерілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2020 жылғы Еуропа чемпионаты коронавирус пандемиясына байланысты 2021 жылға шегерілді, деп хабарлайды AS басылымы.

Бұл мәліметті Норвегия футбол федерациясының өкілдері растады. 

Бұған дейін Англия, Испания, Италия, Германия және тағы да басқа елдердің чемпионаттарындағы ойындар тоқтатылған.


Айта кетейік, коронавирустың пандемиялық сипат алуынан доп додасы ғана емес, халықаралық бірқатар спорттық шаралар кейінге қалдырылып отыр.

Қазіргі уақытта әлем бойынша 181 511 адам COVID-19 жұқтырған. 7126 адам қайтыс болған.

Ал Қазақстанда 33 адам коронавирус жұқтырған.

Өзгелердің жаңалығы