Бас жаңалықтар
Бүгін
2019 жылы медицина саласында қандай өзгерістер болады?
08 Қаңтар 2019, 13:13 250

2019 жылы медицина саласында қандай өзгерістер болады?

Астана, baq.kz тілшісі. Бұған дейін 2018 жылы қазақстанда медицина саласында қандай өзгерістер, қандай жаңалықтар болғанын жазған едік. Бұл мақала 2019 жылы медицина саласында болатын өзгерістер туралы болмақ.

Астана тұрғындары электрондық денсаулық сақтау паспортын иеленеді

Еліміздің бас қаласының тұрғындары 2019 жылдан бастап электрондық денсаулық сақтау паспортын иеленеді, яғни науқас өзімен бірге денсаулық картасын тасып жүрмейтін болады. Науқас адам ауруханаға немесе емханаға қаралатын болса ол сол күнге дейін қандай сырқатқа шалдыққаны, диагнозы, анализдері және қандай ем-дом алғаны туралы бар ақпарат электрондық паспорт арқылы дәрігердің қолында болады. Сіздің туғаннан бастап дәрігерге әр қаралғаныңыз электрондық паспортқа айдан анық жазылып тұрады.

Пациентте өзіне тиесілі логин, пароль арқылы электрондық денсаулық сақтау паспортына кіріп сырқаты туралы бар ақпаратты біле алатын болады. 2018 жылдан бастап ҚР аумағында электрондық денсаулық паспортын кезең-кезеңмен енгізу жоспарланған. Болашақта мұндай жүйе еліміз бойынша толықтай қолданысқа енеді.

Дәрі-дәрмек бағасы реттеледі

2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап барлық дәрілік заттар бағаларын реттеу көзделген. ҚР Денсаулық министрлігінің хабарлауынша, Ведомствоның хабарлауынша, Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» жолдауын іске асыру мақсатында ҚР Денсаулық сақтау министрлігімен «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналымы мәселелері бойынша ҚР кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі» ҚР Заң жобасы әзірленді.

«Қазіргі таңда аталған Заң жобасы ҚР Парламент Мәжілісінің қарауында, жақын арада ол екінші оқылымға кіргізіледі және ҚР Парламент Сенатына жолданады. Ағымдағы жылдың соңына дейін заңға қол қою жоспарлануда», - делінген хабарламада.

Тегін дәрі-дәрмек тізімі 70 атаумен толығады

Қазақстандық «СК-Фармация» бірыңғай дистрибьюторының қоймасына дәрі-дәрмек партиялары 2018 жылдың желтоқсан айының басында жеткізіледі. Ал 2019 жылдың қаңтарында препараттар медициналық мекемелерге үлестірілуі тиіс.

Астаналықтарға 51 жекеменшік емхана тегін қызмет көрсетеді

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры жыл сайын емдеу мекемелерімен тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі аясында халыққа қызмет көрсететін медициналық ұйымдармен келісімшарттар жасайды.

Осы келісімшарттар негізінде емдеу мекемелері халыққа тегін медициналық қызмет көрсетеді. Ал көрсетілген қызмет ақысын Медициналық сақтандыру қоры төлейді.

«Қазіргі таңда Қордың Астана қаласы бойынша филиалына 2019 жылы медициналық қызмет көрсету үшін келісімшартқа отыруға 89 емдеу мекемесі өтінім берген. Олардың 51-і жекеменшік, соның ішінде 11 жекеменшік клиника жаңадан, яғни медициналық қызмет жеткізуші ретінде алғаш өтінім бергендер», - дейді ӘМСҚ Астана қаласы бойынша филиалының директоры Нұрлыбек Қабдықапаров.


Зарина Әбілмәжінова, baq.kz

 

 


Сізден жаңалық