Бас жаңалықтар
2019 жылдың ең танымал актрисасы анықталды
07 Желтоқсан 2019, 12:15 849

2019 жылдың ең танымал актрисасы анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2019 жылдың ең танымал актрисасы атағы Голливуд жұлдызы Бри Ларсонға бұйырды.

Бұл туралы кино жұлдыздарына қатысты іздеудер санын сараптап отыратын IMDb ұйымы хабарлады, деп жазады life.ru.

Интернет қолданушыларынан "Кек алушылар: финал" және "Капитан Марвэл" фильмдерінде басты рөлдерді сомдаған Бри Ларсон жайлы сұрау көп түскен.  
larsson.jpeg

Ал екінші орынға "Жігіттер" сериалының жұлдызы Эрин Мориарти жайғасқан.

Moriarty.jpg

"Тақтар ойынында" басты рөлді сомдаған Эмилия Кларк үздік үштікті түйіндеді.

Klark.jpg

Алғашқы бестікке енгендердің қатарында "Аладдиндегі" Наоми Скотт және көпшілікке "Харли Квинн" рөлімен танылған Марго Робби бар.  


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...