2018 жылы 90 млн тонна мұнай өндірілді

8 Ақпан 2019, 16:10
4529
Бөлісу:
2018 жылы 90 млн тонна мұнай өндірілді

Астана, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев кеңейтілген алқа отырысында 2018 жылды қорытындылап,  2019 жылға қойылатын міндеттерді атап өтті. 

Ол 2018 жылы отын-энергетикалық кешенінің әр саласы бойынша көрсеткіштер толық орындалып, рекордтық нәтижелерге қол жеткізілгенін айтты. 

“Мұнай өндіру саласы еліміздің тарихында болмаған 90 млн 360 мың тонна көлеміне жетті. Бұл 2017 жылға қарағанда 4,8% артық. 
Қашаған (13,2 млн.тонна), Теңіз (28,6 млн.тонна) және Қарашығанақ (12,2 млн.тонна) кен орындарында мұнай өндірудің артуына байланысты жоғары көрсеткішке жетіп отырмыз”, - деді министр. 

Оның айтуынша, биыл елімізде 89 млн тонна мұнай өндіру жоспарланып отыр. Бұл ретте, ескі сатыдағы кен орындарының өндіру көлемі табиғи құлдырауымен байланысты болып отыр. Әсіресе, Қызылорда облысындағы Құмкөл тобында 2019 жылға жоспарланатын өндіру көлемі 1 млн тоннаға төмендеген.

“Мұнай өндірудің табиғи төмендеуін тоқтату мүмкін емес. Дегенмен, төмен қарқынды өндіру көлемін бір қалыпта ұстап тұру үшін тиісті шаралар жасалуда”, - деді Бозымбаев Энергеттка министрлігінің алқа отырысында.
Назерке Абибулла
Өзгелердің жаңалығы