20 мамырға арналған ауа райы болжамы

20 Мамыр 2020, 09:20
1086
Бөлісу:
20 мамырға арналған ауа райы  болжамы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК 20 мамырға арналған ауа райы болжамын хабарлады. Кей жерлерде найзағай ойнайды, жел күшейеді, бұрқасын, бұршақ болады. Тек республиканың оңтүстік-батысында ауа райы жауын-шашынсыз, шаңды дауыл болады.

Ақмола облысында кей жерлерде тұман, бұршақ жауады, түнде жел күшейеді, күндіз желдің екпіні 15-20 м/с.

Алматы, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, күндіз Ақтөбе облысының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді,

Маңғыстау облысында шаңды дауыл болады.

Жамбыл, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерінде бұршақ жауып, желдің екпіні 15-20 м/с күшейеді.

Түркістан облысында кей жерде бұршақ күтіледі, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.

Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарында түнде кей жерлерде тұман, кей жерлерде желдің ұйтқуы 15-20 м/с күшейеді.

Солтүстік Қазақстан облысында бұршақ жаууы мүмкін, күндіз желдің екпіні 25 м/с.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз бұршақ жаууы мүмкін.

Қарағанды ​​облысында кей жерлерде тұман түседі, бұршақ жаууы мүмкін, ал батыста жел 15-20 м/с күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде өрт қаупі сақталады.

Өзгелердің жаңалығы