18 наурызға арналған ауа райы болжамы

18 Наурыз 2019, 08:18
2298
Бөлісу:
18 наурызға арналған ауа райы болжамы

Астана, BAQ.KZ. Қазгидрометтің болжамынша, 18 наурыз күні Қазақстанның батысы мен шығысында атмосфералық ағымдардың өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болады.

Кей жерде жауын-шашын жауады, республиканың қалған аумағында ауа райы жауын-шашынсыз болады. Басым өңірде тұман, көктайғақ болады, жел күшейеді.

Қызылорда, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында тұман, түнде кей жерде көктайғақ болады, күндіз кей жерде 15-23 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Атырау, Қостанай, Жамбыл, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Ақмола облыстарының кей жерінде тұман түседі.

Жамбыл, Қостанай, Шығыс Қазақстан, күндіз Ақмола облыстарының кей жерінде 15-23 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Алматы облысында түнде кей жерде тұман түсіп, жел күшейеді. 

Түркістан облысының кей жерінде  желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға жетеді. 

Өзгелердің жаңалығы