16 көпбейінді аурухана салынады

29 Сәуір 2020, 07:40
1913
Бөлісу:
16 көпбейінді аурухана салынады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еліміздегі ескірген 40 нысанның орнына халықаралық деңгейдегі 16 көпбейінді аурухана салынады.

ДСМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, ауруханалардың жобасы заманауи техникалық шешімдерге сәйкес жасалады, ұзақ мерзімді келісімшарттар аясында медициналық техникамен, ақпараттық жүйемен қамтамасыз етіледі және техникалық қызмет көрсетіледі.
Әрбір стационарда пациенттерді уақтылы және сапалы диагностикалау мен емдеуге, клиника қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, медициналық ұйымдардың инфекциялық емес желісіндегі жүктемені төмендететін қазіргі заманғы инфекциялық корпустар салу жоспарлануда, – дейді ведомстодан.

Ауруханалар мемлекеттік-жекеменшік әріптестік және басқа да ұзақ мерзімді келісімшарттар шеңберінде салынады деп жоспарлануда.

Ведомтво 5-6 жыл ішінде халықаралық Joint Commission International (JCI) стандартына сәйкес 8000 орындық жоғары технологиялық ауруханалар желісін құруға болады деп отыр. Ал бұл жобаларды халықаралық деңгейде ауруханалар салу және пайдалану бойынша тәжірибесі бар отандық және шетелдік компаниялар жүзеге асырады.

Құрылыс жобаларын уақтылы іске асыру үшін денсаулық сақтау саласындағы оператор – жобалау компаниясы құрылады. Компания барлық жобаларды әкімшік басқару және үйлестіру, МЖӘ шарттарын жасасу жөніндегі шараларды іске асырады.

Өзгелердің жаңалығы