Бас жаңалықтар
12 тамызға арналған ауа райы болжамы
12 Тамыз 2020, 08:40 189

12 тамызға арналған ауа райы болжамы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 12 тамыз, сәрсенбі күні еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.

Кәсіпорын таратқан мәліметтерге қарағанда, солтүстік шығыстан жылжитын оңтүстік циклон және онымен байланысты фронталды бөліктердің ықпалымен Қазақстан территориясының басым бөлігінде ауа райы құбылып тұрады.

Кей жерде найзағай ойнап, жаңбыр жауса, солтүстікте нөсерлетеді. Дауыл тұрып, бұршақ жаууы да ықтимал. Республиканың кей жерінде жел күшейіп, оңтүстікте және оңтүстік-батыста шаңды дауыл тұрады. Солтүстік-батыста тұман түседі.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерінде дауыл тұрып, жел секундына 15-25 метр жылдамдықпен ұйтқып, бұршақ жаууы ықтимал.

Алматы, күндіз Жамбыл, Ақтөбе облыстарының кей жерінде жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады.

Күндіз Қызылорда, Маңғыстау облыстарының кей жерінде желдың жылдамдығы секундына 15-20 метр болады.

Қостанай облысының кей жерінде желдің жылдамдығы секундына 18 метрге жетеді. Түнде және таңертең тұман түседі.

Қызылорда, Түркістан облыстарының басым бөлігінде, Жамбыл, Алматы, Қарағанды, Атырау, Ақтөбе облыстарының кей жерінде өрт қаупі сақталады.




Фото: ашық дереккөз
Загрузка...